3. Ұятты жерлерін ашу
Негізінде, ұят пен иба – адамзатқа тән игi қасиет. Сондықтан
еркектердің де, әйелдердің де ұятты орындарын көрсетiп
жүрулері адамгершілік сипатқа қайшы, жаман әдетке жатады.
Өкiнiшке қарай, бұл әдеттің қазіргі адамдар арасында кеңінен
етек жайғанын айтуға болады.
Шариғат үкімдерімен сыйыспайтын осы бір сүйкімсіз әдетке
елтіген көптеген адамдар әуреттерін ашып, шешініп жүреді. Бұл
1
Ахмад, әт-Тирмизи.
109
ерсі қылықтың үйлерде, бассейндерде, жағажайларда, би
орындарында, көшелерде, базарларда кеңінен белең алғаны рас.
Мәселен, қазiргi әйелдердiң кейбiрi үй iшiндегі туыстарынан
именбей, дене мүшелерін айқын көрсетіп тұратын жұқа киімдерді
киіп жүре береді. Ал жақындары мұндайға тыйым салудың
орнына, «саған керемет жарасымды» деп қоштап отыратыны
шындық. Ал ескерту жасағандары «үйде бөтен ешкім жоқ қой»
деген жауапқа қанағаттанады. Iс мұнымен ғана шектелмейді.
Тіпті кейбір әйелдер қарама-қарсы көршiлерiне анық көрiнiп
тұрғанына қарамастан, балконға iш киіммен шығып отырады. Бұл
әйелдерге ғана тән iс емес. Аналары, қыздары, әпке-
қарындастары, келіндерінің алдында шешініп жүрудi әдетке
айналдырған еркектер де баршылық.
Шариғат бойынша, әйел адамға қарнын, арқасын, кіндік пен
тізелерінің арасын күйеуінен өзге бірде-бір ер адамға (тіпті әкесі,
ұлы, аға-інісі болса да) көрсетуіне тыйым салынған. Ал кіндік
пен тізе арасын, тiптi өзге әйелге де көрсетуге болмайды. Сондай-
ақ дәл осы орын еркек пен еркек арасында және еркек пен әйел
арасындағы ұятты орын «әурет» деп белгіленіп берілген.
Сондықтан Аллаһ тағаланың үкімдеріне қарсы және Аллаһқа,
Қиямет күніне сенбейтін, Аллаһ пен елшісі харам деген
нәрселерді харам деп білмейтін, Оған бағынбайтын Батыстың
кәпір қоғамдарынан бізге енген әдеттерге еліктеу – асқан
адасушылықтың көрінісі. Мұсылман пенденің хақ жолдан тайған,
жер бетінде жабайы тағы секiлдi тіршілік етіп жатқан Батыс
жұртына еліктеп, бассейн мен жағажайды және түнгі клубтарды
мекен еткен iстерiн қайталауы өте келеңсiз қылықтарға жатады.
Бұл iстiң ақыры қайда тiрелiп, немен тынатыны белгілі.
Ал әйелдердiң көпшiлiгi көшелер мен базарларда Аллаһ
тағаланың сызып берген шеңберiне көбiнде мән бермейді. Тiптi
әурет жерлерiн көрсетiп, «еркектердi қызықтырамын» деп
ойлайтын әйелдер де көп. Батыстан үлгi алған мұндай әйелдер
Құдай қосқан ақ, адал жары үшiн әсемденудiң орнына, бөгде
еркектiң көзiне түсуді мақсат тұтып, қылымсып тұрады.
110
Бәлкiм, ерлi-зайыпты адамдардың көпшілігі өз iстерiн анық
бағамдамайтын болуы керек. Ақиқатында, осының салдарынан
қаншама отбасының шаңырағы шайқалып жатыр десеңізші?!
Әлбетте, Аллаһтың мейiрiм-шапағатына бөленген жан – ең
бақытты адам. Олай болса, Аллаһ тағала бiздi әлгiндей азғындық
пен іріткілердің жамандығынан сақтасын!
Достарыңызбен бөлісу: |