Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет140/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

ОНЫНШЫ БӨЛІМ 
СӘТСІЗ ТҰРМЫСТЫҢ СОҢЫ 
1. Талақ пен оның өзектi мәселелерi 
а) Талақ – кесімді ем 
ә) Талақтың хақы 
б) Талақ түрлері 
в) Талақ етілген әйелдің халал болуы 
г) Бір нәрсеге байланған талақ 
д) Неке үкiмiнiң діннен қайтуға байланысты бұзылуы 
е) Бодау 
2. Сауал-жауап 
«Сәтсіз тұрмыстың соңы» деп аталған бұл тараудың мақсаты – 
отбасылық өмiрдiң бақытты болуы не болмауы ерлі-
зайыптылардың өздерiне байланысты екенiн жеткiзу. Аллаһ 
тағаланы риза ететін істерді бірлесіп, ынтымақтасып орындап, 
әрбір амалды шариғат үкімдеріне сай жасаған ерлi-зайыптылар 
Аллаһ тағаланың сауабына жетуімен қоса, бақытты, тату-тәтті 
өмір сүреді. Ал олардың заңды құқықтарын толық орындауда 
әлсіздік танытулары өздерінің шариғат үкімдеріне қарсы шығып, 
нәпсiге еріп, бұзақы әдеттерге еліктеулерінің нәтижесі екенi 
анық. 
Осы орайда, «Нелiктен кәпiрлер шариғатқа қарсы амал жасап 
жатқанына қарамастан, түтiн түтетiп, тату-тәттi ғұмыр кешуде?!» 
деген сияқты сауал туындауы мүмкін. Ендеше, бір сәт 
ойланайық. Бұл тіршілікте хайуандардың өзi жұп-жұпқа бөлiнiп 
өмiр сүредi. Еркек шымшық пен ұрғашы шымшықтың бірлесіп ұя 
салып, сосын онда ұрғашы шымшықтың жұмыртқалайтыны, 
балапан шыққанша екеуі жұмыртқаны кезектесіп басатыны
балапандар қанаттанғанша оларды бірігіп қоректендіретіні 
белгілі. 
Әлбетте, 
бұл 
құстардың 
шариғат 
үкiмдерiн 
сақтағандықтарынан емес, Аллаһ тағаланың оларды жаратқан 
табиғатына сай болғандықтан, тұрақты болып отыр. Әке-шешенің 
балаларына қалай қамқорлық жасайтыны сияқты, құстар да 


118 
жұмыртқадан балапан басып шығарып, оларды қоректендіруге 
тырысады. Әлбетте, ұғынықты болу үшiн құстың орнына 
хайуанды мысалға келтiрген жөн болар еді. Бірақ кәпірдің жер 
бетіндегі мақлұқтың ең жаманы екенін ұмытпаңыз. Өйткенi 
Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет