«Егер ерлі-зайыптының аралары бұзылып кетуінен қорықсаңдар, онда еркек тарапынан бір төреші, әйел тарапынан бір төреші шақырыңдар. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ ерлі-зайыптының арасына татулықпен үйлесуді салады. Әлбетте, Аллаһ Білуші әрі Хабардар» 4 , – деген.
Ислам
дiнiнде
талақ
жасауға
рұқсат
етiлгенiн
мұсылмандардың бетiне басып, дiнiмiздi кемсітіп жатқандарға
Аллаһ тағала осы дүниеде-ақ бiр азапты нәсiп еттi. Олар Ислам
мен мұсылмандарды кемсітетін шіркеудің билігіне қарсы шығып,
еркек пен әйелдің біреуі қашан қаласа, олардың ажырасуына
рұқсат ететін заңдарды ойлап шығарды. Батыстағы бұл жағдай
Исламға және мұсылмандарға тіл тигізгендерге қатты соққы әрі
1
«Ниса» сүресі, 19-аят.
2
«Бақара» сүресі, 229-аят.
3
«Бақара» сүресі, 231-аят.
4
«Ниса» сүресі, 35-аят.
120
Исламдағы талаққа берілген рұқсаттың пайдасын жанама түрде
мойындау және өздерінің білместіктерін жариялау болды.