Жұбайлар шаттығЫ


Ақпарат құралдарының ықпалы



Pdf көрінісі
бет137/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

8. Ақпарат құралдарының ықпалы 
Ақпарат құралдарының ықпалы деп адамдарға хабар 
жеткізуші теледидар, радио, газет-журналдар секiлдi ақпарат 
құралдары мен көпшілік ортадағы өлең, би және театр, киноның 
ықпалы айтылады. Ақпарат құралдарының адам баласына берер 
пайдасының мол екені даусыз. Бірақ ақпарат құралдарын әлдебiр 
топтар өздерiнің жеке мақсаттарына ғана қолданар болса, бұл 
жалпы халыққа зиянын тигізеді. Біздің заманымызда дәл осылай 
болып отырғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. БАҚ-тың 
барша түрі әсіресе теледидар мен радио дұрыс бағытта жұмыс 
жасамайды. Көбіне-көп олар дүниетанымы әлi қалыптаса 
қоймаған жас жігіттер мен қыздардың ой-саналарын улайтын, 
діни сенiмдерiне нұқсан келтiретін жымысқы мақсатты көздеген 
фильмдер мен қойылымдарды көрсетіп жатады. Мұндай iстердi 
жүзеге асырушылардың мақсаттары бүлдіру, қирату екендігі 
айқын. 
Мұны 
қазіргі 
фильмдер 
мен 
қойылымдарға, 
телехикаяларға сыни көзбен қараған адам анық түсінеді. 
Қысқасы, олардың мақсаты – әйелді күйеуіне қарсы, ұл мен 
қызды әке-шешесiне қарсы қою арқылы отбасын бұзу. Сондай-ақ 
бұл – мектептер мен жоғары оқу орындарындағы қыздар мен 
жігіттердің санасына «еркіндік», «достық» деген ұғымдарды 
сіңіре отырып, ер адамға әйелінің көзіне қалай шөп салуға 
болатындығын, әйел адамға күйеуін қалай алдау керектігін 
үйрету арқылы отбасының шырқын бұзып, күйрету. Мұның бәрі 


115 
«өнер» деген желеумен жасалынып отырған әрекеттер десек 
қателеспейміз. 
Бәлкiм, кейбiреулердің ойына «Театр қойылымдары мен 
фильмдер, телехикаялар болмаса, қалай көңiл көтеремiз?» деп 
қарсы сауал келуі мүмкiн. Біз тілге тиек етіп отырған амалдарды 
жасайтындардың мақсаты – адамдарды уайым-қайғыдан арылту 
емес, оларды діні мен шариғаты, өткен тарихы мен ғұрпы секiлдi 
рухани байлықтарынан ажыратып, мәңгүрт ету. Ақиқатында
ақпарат құралдары адамдарды шат-шадыман күлкiге бөлеп, 
жандарын жадыратып жатқан жоқ, керісінше, оларды мазақ 
етуде. Бүкіл телехикаялар мен фильмдердің сюжеттік желісі 
ұқсас әрі мағынасы бір, тек қана атаулары басқа екенін, олардың 
барлығының «махаббат» жайлы екенін жасыра алмаймыз. 
Ендеше, бұлар адамның көңілiн көтеретiн туындылар деп кiм 
айта алады?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет