Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет136/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Әйелдердің қасына кіріп 
барудан абай болыңдар»
, – деді. Сонда бiр ансарлық: «Уа, Аллаһ 
елшісі! 
(Бұл сөз)
 қайын жұртқа қатысты ма?» – деп сұрағанда, 
Пайғамбар (с.а.с.): 
«Қайын-жұртқа 
(бұлай жасау)
 – өлім»
, – деп 
жауап бердi»
, – деген
1

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисте оңаша отырған әйелдердің 
қасына кіріп барудың бұзықтық пен жамандыққа жетелейтінін 
айтып сақтандырып отыр. Әлгi ансарлықтың сауалына кесімді 
түрде «қайын-қайнағаларына – өлім» деп жауап берген. Ибн әл-
Асир «ән-Ниһая» атты кітабында бұл хадистің мағынасын «әйел 
өлсе де, мұны жасамасын» деп түсiндiредi
2
. Себебі қайын жұрт
яғни күйеу туыстарының бірі күйеуі жоқ кезінде оның әйелінің 
қасына 
кіріп 
келген 
жағдайда 
ерлі-зайыптылардың 
байланыстарына сызат түсуі мүмкін. Өйткені ер адам өзі жоқ 
сәттерде туыстарының бірі келіп, өмірлерінің ішкі жағдайынан 
хабардар болуын қаламайды. Бұдан түйер тұжырым: Ер кiсi 
келіні немесе жеңгелерімен шариғатқа сай, өте сақтықпен 
туыстық қатынас жасауы керек. Бұған немқұрайды қарауға 
болмайды. Әрбір адам мына бір жайтты білуге тиіс: күйеу үшін 
әйелінің аға-інісінің әйелдері және әпке-сіңлілері, ал әйел үшін 
күйеуінің аға-інілері және әпке-қарындастарының күйеулері 
ашық әңгімелесе беретін, бір-бірімен үйленулері харам етілген 
туыстар емес, олар – бір-біріне мүлде жат адамдар. Сондықтан 
бұл негіз бойынша қатынас жасаулары керек. Әйтпесе, істің 
ақыры өкінішке ұрындыруы сөзсіз. 
Бірақ қазiргi қоғамымызда әрқилы сорақы әрекеттердің орын 
алып отырғаны ақиқат. Біздің қоғамымыз iшін жегiқұрт кеміріп 
құртқанымен, сырты жылтырап өңiн бермей тұрған ағашқа 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Жалпы, араб тілінде бұл сияқты бейнелi теңеулер көп қолданылады. 
Мысалы: «Арыстан – өлім» немесе «Сұлтан – от». Яғни арыстан мен 
сұлтанға жолығу – өлім мен отқа тең дегенді білдіреді. 


114 
ұқсайды. Әлбетте, бұл адамдардың барлығы осындай дертке 
шалдықты дегенді білдірмейді. Аллаһ сақтасын! Батыста не 
Шығыста жүргенiне қарамастан, нендей жағдайларда да түрлі 
сынақтардан сүрінбей өткен мұсылмандар көп. Біздiң мұндағы 
көздеген мақсатымыз – кәпiрлердің өнегесiне ерiп, ислами тәрбие 
мен дiнiмiздiң үкімдерін ұмытып, құмарлықты қоздыратын
мінезді бұзатын істерге беріліп кеткен Батысқа еліктеушілерді 
сақтандыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет