в) Талақ етілген әйелді халал ету Түпкiлiктi талақтың үлкен түрiмен ажырасқан әйел бұрынғы
күйеуіне қайта халал болу үшiн алдымен басқа еркекпен тұрмыс
құруы шарт. Өйткенi Аллаһ тағала:
«Ер әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін оған ол басқа ерге тимейінше халал болмайды...» 1 , – деген.
Бұл аяттан алынатын шариғат үкімі: мүлдем ажырасқан әйел
басқа бір еркекке тұрмысқа шықса, сосын онымен ажырасып
кетсе, иддасы аяқталған соң, алғашқы күйеуіне тұрмысқа шығуы
халал болады. «Басқа еркекке тұрмысқа шығудағы мақсат –
әйелді бірінші күйеуіне халал етіп беру болса, мұның үкімі
қандай болады?» деген сұраққа орай ғұламалардың берген
көптеген жауаптары бар. Әйелдің басқа ерге тұрмысқа шығудағы
мақсаты алғашқы күйеуіне халал болып бару үшін емес, шынайы
отау құру болуы керек. Егер бұл іспен халал етіп беруді мақсат
еткен болса, онда мұндай жоспар жасаған адам күнәкар болады.
Өйткені ол келесі бір ер-азаматтың өмірін өз мақсатына
қолданып, мазақ етеді.
Осы орайда кейбір адамдардың осындай жағдайда істеп
жататын тірліктерінен хабардар ету аса маңызды. Кей кездерде
олар мүлдем ажырасқан бір әйелді келісілген түрде ғана басқа бір
еркекпен некелендіреді. Сосын ол еркек қосылмаған күйде әйелді
талақ етеді. Ал олар қазы алдында «қосылдық» деп, жасамаған
істерін «жасадық» дейдi. Олар осындай айлакерлікпен әйелді
алғашқы күйеуіне халал еттік деп ойлап, жаңадан неке қияды.
Бұл – теріс әрі үлкен күнә. Сондай-ақ бұл – Аллаһтан
белгіленген, ашықтан-ашық, кесімді айтылған шариғат үкіміне
қайшы әрекет. Ендеше, әйелін ешқашан қимайтын еркек өзін де,
1
«Бақара» сүресі, 230-аят.
124
әйелін де әуреге салмауы үшін талақты ойланып жасағаны жөн.
Ал пәни дүниенің бүкіл қызығы Ақырет алдында түкке
тұрмайтыны белгiлi. Сондықтан ғибраты мол шариғатқа қарсы
амал жасау дұрыс емес. Аллаһ – барлығын Білуші!