Жұбайлар шаттығЫ


г) Бір нәрсеге байланған талақ



Pdf көрінісі
бет149/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

г) Бір нәрсеге байланған талақ 
«Бір нәрсеге байланған талақ» – ердің «егер төркініңе барсаң, 
талақсың» деуі сияқты белгілі шартқа байланған немесе «егер 
пәленше келсе, сен талақсың» деуі сияқты, бірер оқиғаға 
байланған немесе «рамазан айы келсе, сен талақсың» деуі сияқты 
белгiлi уақытқа байланған талақ. 
Әрине, мұнда олардың барлығын тiзбектеп айту мүмкiн емес. 
Бiрақ әлдебiр істі жасау немесе төркініне бару сияқты арзан 
себептерге бола әйелімен келіспей қалған сайын, өзінің 
еркектігіне қоқиланып, әлгiндей өзi қаламаған iске тыйым салуға 
шамасы жететінін ескертіп қою үшін осы талақ түрін 
пайдаланатын ерлердің ойланғандары абзал. Бір нәрсеге 
байланған талақты қайталай берудің еркектiң өзiне немесе 
әйеліне, отбасына залалынан өзге еш пайдасы жоқ. Адам баласы 
ата-анасын қалай тастайды? Сондықтан осындай талақпен 
әйелінің төркініне баруына тыйым салуы саналы адамның 
әрекетіне жатпас еді. Ендеше, өте қажетті себептер болмаса, 
мұндайды да жеңіл қолдануға болмайды. 
Бір нәрсеге байланысты талақ антын ішу «еркектiк» қасиет 
емес. Нағыз ер-азамат отбасында туындаған түйiткiлдi ақылға 
жүгiніп шешеді. Өйткені асығыстықтың ақыры өкінішке 
ұрындырады. Көптеген адамдар асығыстықпен бір іске орай, 
талаққа ант ішіп қояды да, соңынан өкініп қалады. Ал бұл «бір 
нәрсеге байланған талақтың» үкіміне келсек: осы байланған іс 
орын алғанда талақ түседі. Мысалы, әйеліне «егер шешеңмен 
сөйлессең, сен талақсың» деген болса, әйел бір ауыз болса да, 
шешесімен сөйлесіп қойса, талақ іске асады. 


125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет