е) Бодау – өтем
Әйелдің күйеуінен талақ беруін өтінуіне шариғат рұқсат етеді.
Ол күйеуінің талақ беруі үшін бодау беруіне де болады.
Шариғатта әйелдің талақты талап етуі «хулға» деп аталады.
Бодауын беріп ажырасу – Исламдағы талақ түрлерінің бірі. Бұл
Қасиеттi Құранда «Бақара» сүресiнiң 229-аятында:
«...Егер
олардың Аллаһтың бұйырған ереже-заңдарын орындай
алмауларынан қорықсаңдар, онда әйелдің
(ерінен ажырасу
үшін)
бодау
(татымды төлем, өтем)
ретінде бергенінде олар
үшін күнә жоқ...»
, – деп айтылған үкiмге орай жасалады.
Яғни екі талақ етуінің есесіне, әйелдің күйеуіне бодау
беруінде күнә жоқ. Ислам тарихында алғашқы бодау беру
Пайғамбардың (с.а.с.) заманында болған.
Сабит ибн Қайс әл-Ансаридың (Аллаһ оған разы болсын) әйелі
Жәмила Пайғамбарға (с.а.с.) келіп:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Менің
Сабит ибн Қайстың мінезіне де, дініне де тағар айыбым жоқ.
Бірақ мен Исламда кәпірлікті қаламаймын»
, – деген. Сонда
Аллаһ елшісі (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: |