Жауап: Жоқ, болмайды.
Сұрақ: Кейбір адамдар мұртының ұзындығымен мақтанады
және мұны «еркектік» деп біледі. Осы дұрыс па?
Жауап: Жоқ, шариғат бойынша бұл дұрыс емес. Бұл –
еркектік те емес. Бәлкім, бұл надандыққа жататын iс болар. Егер
еркектiң күшi түктерге байланысты болса, онда ол түгi азайған
сайын кемитiн болғаны ма?
Сұрақ: Көптеген әйелдер қастарын жұлады немесе қырып
тастап, қаламмен қас сызады. Осы дұрыс па?
Жауап: Жоқ, бұл дұрыс емес. Қасын жұлған және басқаның
қасын жұлып берген әйел лағынеттелген. Себебі ол Аллаһ
тағаланың жаратқанын өзгертеді.