БЕСІНШІ БӨЛІМ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ҚОСЫЛУЫ 1. Қосылудың мағынасы мен түрлері
2. Қосылардан бұрын атқарылар іс
3. Қосылу әдептері
4. Алғашқы қосылу
5. Қосылу көріністері
6. Етеккір келгенде, босанғаннан кейін немесе истихада
кездерінде әйелмен қосылу
7. Жүкті әйелмен қосылу үкiмi
8. Арттан келу үкімі
9. Онанизм, мастурбация – «жасырын әдет»
10. «Ихтилам» (поллюция – түс көру)
11. Адам бойынан шығатын сулар
12. Әйел мүшесінен шығатын нәрселер
13. Жыныстық қатынас сырларын жаю
14. Сауал-жауап
1. Қосылудың мағынасы мен түрлері Әдетте
«қосылу»
сөзі
ерлі-зайыптының
жыныстық
қатынасына орай айтылады. «Қосылу» мәселесі үкімі жағынан
екіге бөлінеді:
а) Адал қосылу Бұл – еркектiң өз әйелімен қосылуы. Демек, еркектің өз әйелін
пайдалануы халал. Тіпті бұл жерде еркек үшін де, әйел үшін де
құмарлықтарын басумен бірге, сауап та бар. Аллаһ тағала
«Муминун» сүресінің басында мүмiндердiң сипаты жайлы: