Жарықтың қысылуы жедел және кенеттен пайда болады.
Жарық қысылуының жергілікті көріністеріне тән:
Жарық аймағында бірден ауырсына немесе іш аймағында ауырсыну;
Жарықтың қайта қайтпауы;
Жарықтық томпаюдың ауырсынуы және керілуі;
Жарыққа жөтелді ырғақтың берілмеуі;
Ауырсыну максимальді жарық аймағында болуы;
Бірнеше сағаттан соң қысылған мүшенің некрозы басталады, содан ауырсыну күші бәсеңдейді, науқастың жағдайы жақсарғандай жалған көрініс болады. Аурудың осы кезеніңде бірінші орынға жарық қапшығында орналасқан мүшелер қызметінің бұзылыстар белгілері шығады;
Аурудың кеш кезеніңде перитонит дамыған кезде ауырсыну қайтадан басталып, жедел іш көрінісі байқалады. Қарт адамдарға нәжістік қысылу тән және ауырсыну бірте-бірте үдеп, жарық көлемі ұлғайып, тығыздана түседі.