Жедел және созылмалы бронхит



бет2/7
Дата02.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#194653
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жедел жане созылмалы бронхит

Патогенезі

  • Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасуы бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады.
  • Бронхтық эпителий зақымдануының ауырлығы қоздырғыштардың патогендік қуатына тәуелді.
  • Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады.
  • Әдетте, вирустық бронхиттің басталуынан 2-3 тәуліктен соң, бронхтардың қабырғасына тереңдеу ене алатын, қабыну процесіне бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк).

Патогенезі

  • Инфекциямен зақымданып түлеген эпителий, сауыққаннан кейін өз қалпына қайта келеді.
  • Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ, кей жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтимал.

Жіктемесі

  • Этиологиясы бойынша:
  • 1. Инфекциялық:
  • а) вирустық;
  • ә) микоплазмалық;
  • б) бактериялық.
  • 2. Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден).
  • 3. Аралас (вирустық-бактериялық).

Жіктемесі

  • Патогенезі бойынша:
  • Біріншілік.
  • Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының).

Орналасуы бойынша:

  • Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы).
  • Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен).
  • Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы).

Жіктемесі

  • Қабынудың түрі бойынша:
  • Катаральді.
  • Ісінулік.
  • Іріңді.
  • Ірінді-некроздық.
  • Барысы бойынша:
  • Жедел (ұзақтығы 2-3 апта).
  • Созылыңқы (1 айға дейін, одан да ұзақ созылатын).

Клиникалық көрінісі

  • Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан (ЖРА) кейін немесе онымен бірге басталады.
  • Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит) трахеяға түседі.
  • Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет