Көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтелі құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды.
Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл-ден аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін.
Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.
Клиникалық көрінісі.
Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән.
Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-39 °С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.
Науқастың қалтырауы бактериялық инфекцияның немесе пневмонияның қосылуына тән.
Клиникалық көрінісі.
Мәселен стафилококтық немесе стрептококтық бронхитте, кеселдің көрінісі ауырлап, біршама пневмонияға ұқсайды: қызба ұзаққа созылады және қақырық іріңге айналып, онда қанды талшықтар пайда болады.
Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді, тек қана бронхиттің дистальді түрінде (эмфиземаның болуынан) дабыл реңді дыбыс естілуі мүмкін.
Ауырғандардың баршасында күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ, сиректеу ылғал сырылдар естіледі.
Бронхиттің дистальді түрінде ентікпе қосылады жөне тыныс шығару ұзарады.
Клиникасы
Тыңдағанда сырылдың түріне мөн берген жөн. Сырылдардың түрі бронхтардың зақымдану деңгейіне төуелді.
Ірі бронхтардың қабынуында жуан дыбысты құрғақ немесе ірі көпіршікті ылғал сырылдар, ал ұсақ бронхтардың зақымдануында жіңішке дыбысты құрғақ (ысқырықты) немесе ұсақ көпіршікті ылғал сырылдар есітіледі.
Крепитацияның болуы бронхитке төн емес, ол пневмонияның қосылуын көрсетеді.
Крепитацияның болуы бронхитке төн емес, ол пневмонияның қосылуын көрсетеді.
Жөтелден кейін сырыдар азаюы мүмкін. Кейде жай тыныста естілмеген сырылдар, тынысты күштеп шығарған соң пайда болады.
Басқа мүшелердің айтарлықтай өзгерісі байқалмайды.
Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.