бет 2/7 Дата 02.12.2023 өлшемі 0,87 Mb. #194653
Байланысты:
жедел жане созылмалы бронхит Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен , ондағы зат алмасуы бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады. Бронхтық эпителий зақымдануының ауырлығы қоздырғыштардың патогендік қуатына тәуелді. Вирустар бастаған қабыну процесіне бактериялар қосылады. Әдетте, вирустық бронхиттің басталуынан 2-3 тәуліктен соң , бронхтардың қабырғасына тереңдеу ене алатын, қабыну процесіне бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк). Патогенезі Инфекциямен зақымданып түлеген эпителий , сауыққаннан кейін өз қалпына қайта келеді. Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ, кей жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтимал. Жіктемесі Этиологиясы бойынша: 1. Инфекциялық: а) вирустық ; ә) микоплазмалық; б) бактериялық. 2. Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден). 3. Аралас (вирустық-бактериялық). Жіктемесі Патогенезі бойынша: Біріншілік. Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит , фарингит, ларингит , синуситтің, бронхоэктаз ауруының). Орналасуы бойынша: Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы). Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне , гиперсекрециясына алып келуінен). Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы). Жіктемесі Қабынудың түрі бойынша: Катаральді. Ісінулік. Іріңді. Ірінді-некроздық. Барысы бойынша: Жедел (ұзақтығы 2-3 апта). Созылыңқы (1 айға дейін , одан да ұзақ созылатын). Клиникалық көрінісі Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан (ЖРА) кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит) трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып , қырнап ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді. Достарыңызбен бөлісу: