Қанның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері: нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның сәл жоғарылауы байқалады, СРБ анықталады.
Гриптік жедел бронхитте лейкоциттердің саны қалыпты немесе лейкопения болады, лейкоформула сәл солға ығысады.
Рентгендік тексеруде көбіне өзгерістер болмайды. Кейде өкпе түбірінің шамалы кеңеюі және бронхтардың ісінуінен өкпе өрнегінің айқындалуы көрінеді.
Жедел бронхиолитте ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың тарылуынан ауыр ентікпенің болуы тән. Ентікпе — бронхиолиттің басты белгісі.
Жедел бронхиолитте ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың тарылуынан ауыр ентікпенің болуы тән. Ентікпе — бронхиолиттің басты белгісі.
Тыныс жетіспеушілігінен бет, кілегей жамылғылар, мұрын, құлақ, қол-аяқтың ұштары көгереді. Тыныс қимылы жиі және беткей, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен жүреді.
Жөтелгенде болмашы кілегейлі қақырық қиналдырып әрең түседі.
Әдетте, жедел бронхиттің барысы жеңіл, 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады.
Әдетте, жедел бронхиттің барысы жеңіл, 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады.
Қызудың қайтадан көтеріліп, іріңді қақырықтың бөлінуі аурудың созылыңқы барысына (6 аптаға дейін) айналуына тән.
Бұл жағдай бактериялық немесе вирустық суперинфекцияның қосылуынан болады.
Асқынулары:
Пневмония.
Бронхтардың обструктивтік синдром.
Емі.
Обструкция болғанда —
теофедрин немесе эфедрин 0,025 г, немесе эуфиллин 0,15 г күніне 3 рет беріледі;
басылмайтын бронхоспазмдық синдром болса — преднизолонды 20-25 мг 7-10 күн ішкізеді.
Емі.
Бұдан басқа,
аскорбин қышқылын 0,5 г.,
А витаминін 1-2 др. 3 реттен,
этовитті 400 мг. 1 реттен қолданады.
Осылармен қатар дезинтоксикациялық ем жүргізілуі тиіс. Ол үшін сұйықтықты (лимон, бал, қайнатпа қосылған шайды, жылытылған минеральді суды) молырақ ішкізеді.