Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әр түрлі инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе қабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкер болады: - 1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).
- 2. Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
- 3. Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.
- 4. Қатты тоңу.
Этиологиясы. - Балалардың басым көпшілігінде пневмониялар этиологиясы инфекциялық. Соңғы кездегі мәліметтерге қарағанда пневмококктар ауруханадан тыс өрбитін пневмониялардың себебі ретінде байқалуда.
- Сәбилерде пневмония өрбуіне бейімделуші жайларға ауыр перинаталдық дерттер (құрсақішілік гипоксия, асфиксия, асфиксия, туу кезінде ми мен жұлын зақымдары, пневмопатиялар т.б.), аспирациялық синдром, гипотрофиялар, іштен болатын жүрек ақаулары, өкпенің даму ақаулары,
- тұқым қуалайтын иммундық кемістік, гиповитаминоздар жатады.
- Мектеп жасындағы балаларда пневмонияға бейімделуші жайларға созылмалы ЛОР, инфекция ошақтары, рецидивті бронхиттер, темекі шегу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |