ЖМК медициналық көмек түрі ретінде — бұл емдеудің барлық кезеңінде адам өміріне және денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін емдеудің барлық кенеттен пайда болған патологиялық жағдайларын жоюға бағытталған, кейінге қалдырылмай жүзеге асырылатын, емдеу-диагностикалық және тактикалық шаралардың комплексі.
ЖМК жүйесі ретінде — бұл ЖМК көрсетуді қамтамасыз ететін нормативтар, құрылымдар және механизмдердің өзара әрекеттері, оның ғылыми және методикалық қамтамасыздандырылуы және кадрларды дайындау. «ЖМК жүйесі» термині астарында шұғыл медициналық көмек көрстеудің барлық кезеңдері, ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру, мамандарды дайындау жатыр; сәйкесінше ЖМК қызметімен қатар (станциялар, бөлімдер), ЖМК емханалары мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, ЖМК мамандарын дайындау орталығы және апат медицинасының орталығы кіреді.