13 жастағы науқаста қабырғаның көптеген сынықтарымен, жедел тыныс жетіспеушілігі. Кеңірдек интубациясынан кейін және ӨЖЖ жасаған соң цианоздың күшейгені анықталды, АҚҚ төмендеген. Қайсысы ЖТЖ пайда болуына себепкер болып табылады? кернелген пневмоторакс
өкпенің ауыр зақымдануы
кеуде қолқасының жыртылуы
кеңірдек интубациясының дұрыс жасалмауы
асқазан ішіндегі затпен болған аспирация
Науқас 35 жаста. Шағымдары ентігу, жүрек соғысы, кеудеде ауыру сезімі. Оқиға болған жерде ауыр жағдайда жатқан адамды анықтадыңыз.Айқын цианоз, тахикардия байқалады. Перкуссияда оң жақта тимпанит, көкірекаралықтың солға ығысуы бар. Аускультативті оң жақтағы тыныстың бірден әлсіреуі анықталады. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс? пневмоторакс
гидроторакс
диафрагманың жыртылуы
перикард тампонадасы
көкірекаралық эмфиземасы
b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну ЕҢ жиі дамиды? демікпе статусы
кененттен өлім
гипертензивті криз
өкпе ісінуі
анафилактикалық шок
Науқас 25 жаста. Автокөлік апатында зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері бригадасы шақыртылады. Беткей тыныс, тыныс алған кезде кеуде клеткасының пародоксальды қозғалысы байқалады, цианозды, гипотония. Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысболуы мүмкін? қабырғалардың көптеген сынықтары
гемоперикард
гемоторакс
іш қуысы мүшелерінің жыртылуы
басты бронхтың травмалық жыртылуы