«жедел медициналық ЖӘрдем» кафедрасы «бекітемін» Жедел медициналық жәрдем кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к доцент м а



бет1/3
Дата13.06.2024
өлшемі31,7 Kb.
#203360
  1   2   3
Байланысты:
STKKCMJNKKVO11032024185851


Ф-ӘД-001/078



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ


«ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»
Жедел медициналық жәрдем
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к доцент м.а
_______________К.С.Бабаева
«___» ___________ 2023 ж.


«ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ»
пәнінен
6В10155– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша


Емтихан сұрақтарының тізімі


Түркістан, 2023ж


1-деңгей
Есте сақтау



  1. Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік беріңіз.

  2. Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйенің құрылысын түсіндіріңіз.

  3. Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелерін,қызметтерін, иммундық жауаптағы маңызын түсіндіріңіз.

  4. Фагоцитоз анықтамасын, қызметтерін түсіндіріңіз. Мононуклеарлық фагоциттер жүйесін тізбектеңіз.

  5. Иммунитеттің анықтамасын және жіктелуін түсіндіріңіз.

  6. Антигендердің анықтамасы мен олардың химиялық құрамын сипаттаңыз. Толық антиген және гаптенге сипаттама беріңіз.

  7. Антигендердің бөгделік, иммуногендік және спецификалық қасиеттеріне түсінік беріңіз және антигендердің жіктемесін жазыңыз.

  8. В-лимфоциттерге сипаттама беріңіз. Қызметтерін атаңыз.

  9. Иммуноглобулиндердің (M, G, A, E, D)молекулалық салмағын, қалыпты деңгейін, негізгі орналасу орнын, иммундық жауаптағы қызметін, иммуноглобулиндердің бір- бірінен айырмашылығын түсіндіріңіз.

  10. Комплемент жүйесіне сипаттама беріңіз және қызметтерін атаңыз.

  11. Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен белсенуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз.

  12. Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

  13. Т-лимфоциттерге, олардың субпопуляцияларына және қызметтеріне сипаттама беріңіз.

  14. Цитокиндердің анықтамасын, жіктелуін, қызметтерін, топтарын жазыңыз.

  15. Біріншілік иммунтапшылық жағдайдың анықтамасын, жіктелуін және даму себептерін түсіндіріңіз.

  16. Екіншілік иммунтапшылық жағдайдың анықтамасын және даму себептерін түсіндіріңіз.

  17. Екіншілік иммунтапшылық жағдайының (даму қарқындылығына, зақымдану деңгейіне, таралуы және дәрежесіне қарай) жіктелуін жазыңыз.

  18. Негізгі гистосәйкестік комплексіне (НГК) анықтама беріңіз, қызметін түсіндіріңіз.

  19. Аллергендерге сипаттама беріңіз және түрлерін атаңыз.

  20. Жоғары сезімталдылықтың Кумбс пен Джелл бойынша жіктелу түрлерін түсіндіріңіз.

  21. Вакцинация, оның мақсаты. Вакциналардың негізгі түрлері

  22. Вакцинацияның тиімсіз болу себептері. Вакцинация кезіндегі асқынулар.

  23. Трансплантациялық иммунология.

  24. Иммундық жауаптағы интерлейкиндердің маңызы

  25. Иммундық жауаптағы интерферондардың маңызы

  26. Иммунологиялық төзімділік, түрлері.

  27. Иммуностимуляторлардың түрлері, әсер ету механизмі

  28. Иммунодепрессанттардың түрлері, әсер ету механизмі

  29. Иммунитет теориялары

  30. Ісікке қарсы иммунитет.Ісік ауруының иммунодиагностикасы, иммунопрофилактикасы және иммунотерапиясы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет