«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет11/13
Дата07.05.2017
өлшемі3,98 Mb.
#16181
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.

Әдебиеттер:

  1. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.

  2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау:

Тестілер

1.Компенсацияланған инфекциялық токсикалық шоктың симптомдары, біреуінен басқа:

A. Терінің бозаруы

B. Гипертермия

C. Олигоурия

D. Қозғыштық

E. Тахикардия


2. Декомпенсацияланған инфекциялық токсикалық шоктың симптомдары, біреуінен басқа:
A. Акроцианоз

B. Гипертермия

C. Естің бұзылуы

D. Брадикардия

E. АҚ төмендеуі
3. Тағамдық токсикоинфекциядағы болатын дегидратациялық шокқа тән негізгі симптомды таңдаңыз:

A. тахикардия

B. гипотония

C. басішілік гипертензия

D. қол-аяқ бұлшықеттерінің тырысуы

E. ішектен қан кету


4. Тырысқақ шақырған гиповолемиялық шокқа мыналар тән, біреуінен басқасы:
A.Тахикардия, еңтігу, цианоз, гипотензия

B. Көп рет, көп мөлшердегі іш өту

C. Анурия

D. Айналымдағы қан мен плазманың массасының төмендеуі, қанның қоюлануы

E. Артериалды қанның гипоксиясы, веналық қанның гипероксиясы
5. Менингококкцемияға тән белгі:

A. аз интоксикация

B. айқын интоксикация

C. ауруының басталғанының 1 тәулігінде геморрагиялық бөртпелер пайда болуы

D. ауруының басталғанының 1 аптасының соңында геморрагиялық пайда болуы

E. оң менингеальды симптомдар


6. Сібір жарасының өкпелік формасына және плевропневмонияға келтірілген симптомдардың бәрі ортақ, біреуінен басқасы:

A. Кеуде қуысындағы ауру сезімімен жедел басталуы

B. Тахипное

C. “Тот басқан” қақырық, қан түкіру

D. Айқын физикальды көріністер – перкуторлы дыбыстың күрт қысқаруы, ылғалды сырылдар

E. Токсикалық шоктың дамуы


7. Ерте жастағы балалардағы 2-ші дәрежелі токсикозға бәрі жатады, мынадан басқасы:

A. Шырышты қабаттардың құрғауы

B. Олигурия

C. Үлкен еңбегінің төмен түсуі

D. Қалыпты диурез

E. Тіндер тургорының төмендеуі


8. Нейротоксикозға мыналар тән,мынадан басқасы:

A. Тырысу

B. Естің бұзылуы

C. Гипертермия

D. Шырышты қабаттардың құрғауы

E. Гиперпноэ


9. Тұмау кезіндегі токсикоинфекциялық шокқа бәрі тін, мынадан басқасы:

A. лоқсу, құсу, диарея

B. артериалды қан қысымының төмендеуі

C.ентігу

D. анурия

Е.тахикардия

10.Тұмау кезіндегі мидың ісінуінде болатын клиникалық симптомға бәрі кіреді, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

А.Есінің бұзылуы,басының күрт ауруы

В.Клонико-тоникалық тырысу,психомоторлық қозу

С.Көпреттік құсу

D.Тыныстың бұзылуы

Е.Стенотикалыық тыныс


11. Менингеалді синдром қандай вирусты инфекцияға нақты тән:

A. Тұмау


B. Аденовирусты инфекция

C. Парагрипп

D. Риновирусты инфекция

E. Коронаровирусты инфекция


12. Оба індетінің бубонды түрінің жиі асқынуы болып табылады:

А. Септицемия

В. Пневмония

С. Менингит

D. Флегмона

Е. Тілмелі қабыну


13. Геморрагиялық қызбаның нәтижесі болуы мүмкін, біреуінен басқа:

A. Инфекциядан кейінгі анемия

B. Созылмалы тубулоинтерстициальды нефропатия

C. Инфекциядан кейінгі миокариодистрофия

D. Созылмалы пиелонефрит

E. Инфекционды токсикалық шок


Ситуациялық есептер

1. Науқас 16 жаста, ауыру басталған 7 сағаттан кейін ауыр жағдайда жедел медициналық көмекке жүгінді. Ауыру қалтыраудан, бас ауырудан, құсудан, дене температурасының 39С-қа жоғарылаудан басталған. 4 сағаттан кейін денесінде геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Келіп түскенде температурасы қалыпты, ентігу, цианоз, қимылдық қозу, тырысулар, пульсі жіп тәрізді. АҚ 60/40 мм.с.б.б Қандай асқыну туралы ойлауға болады.



  1. Токсико-инфекциялық шок

  2. Гиповолемиялық шок

  3. Жедел бүйрек жетіспеушілігі

  4. Жедел тыныс жетіспеушілігі

  5. Нейротоксикоз

2. Нәресте 3-жаста. Дене температурасы жоғары, басының қатты ауыруы, жүрке айну, көп реттік құсуға шағымданады. Ас қабылдауға байланыссыз,2 күн ауырады. Ауыруы дене қызуының жоғарылауынан, тамағының ауыруынан басталған. Поликлиникаға қаралмаған,кешке бас ауыру күшейген және құсу пайда болған. Таңертен геморрагиялық сипатта майда нүктелі бөртпелер пайда болған. Объективті: есі шатасқан, тері жабындылары боз, іш аймағында, санында, бөксесінде майда нүктелі геморрагиялық бөртпелер анықталған. Басы шалқайған, аяқтары ішіне тартылған. АҚ 70/40 мм.с.б.б Пульсі 130 рет/мин. Әлсіз жұмсақ, жүрек тондары тұйықталған, ТЖ-20 рет/миин. Өкпесінде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Негізгі аурудың қандай асқынуы туралы ойлауға болады.



  1. ТҚШҰ синдромының дамуы

  2. Токсикоинфекциялық шок

  3. Жедел гемолиз

  4. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі

  5. Геморрагиялық шок

3. Науқас 20 жаста, жедел жәрдем көмегіне ауруының 1-ші күні келген. Жедел ауырды. Түнгі сағат 2 де, дене қызуы 39,5℃,қатты бас ауырған, аспирин қабылдап әсер бермеген. Көп мөлшердегі құсық, жеңілдік әкелмейтін. Есі анық. басы ауырғаннан ыңырсу. Әлсіз, тежелген. Жалпы терілік гиперестезия, дене қызуы 39,2 ℃, қуығы зәрге толған, бірақ зәр шығара алмайды. Шеке бұлшықеттерінің регидтілігі, керниг симптомы екі жақты да оң. болжама диагноз:

А. Менингококкты инфекция

B. Грипп

С. Тағамдық токсикаинфекция

D. ЖРВИ


Е. Бассүйек ми жарақаты

4. Науқас 19 жаста, ауру басталған соң 7 сағаттан кейін ауыр жағдайда жедел жәрдем көмегіне қаралған. Ауруы кенет қалтыраудан, бас ауру, құсу, дене қызуының жоғарылауы 39℃ дейін, 4 сағаттан соң терісінде геморрагиялық бөртпе пайда болды. Түскен кезінде: дене қызуы 36,5 , ентікпе, цианоз, қимылдық қозу, тырысу, пульсі жіп тәрізді АҚ 60/40 мм.с.б.б. болжама диагнозы:

А. Менингококкты инфекция. Менингококцемия

B. Тромбоцитопениялық пурпура

С. Геморрагиялық қызба

D. Тиф – паратифозды инфекция

Е. Бөртпе сүзегі

5. Науқас И, 25 жаста, стационарда бөртпе сүзегі диагнозымен жатқанына 10 күн болды. Шыққаннан кейін 12- күні. Жедел медициналық жәрдем шақырған. Диагноз S. typhi гемокультурасының бөлінуімен анықталған. Ампициллинді күніне 2,0 қабылдаған. дене температурасы өрлеуде, бүгін температурасы қалыпты. Тежелген, есі анық, пульс 102 рет\ мин, АҚ – 90\60, 2 рет сұйық қара түсті нәжіс болған. Науқаста қандай асқыну болды:

А. Инфекциялы токсикалық шок

B. Бөртпе сүзегі жарасының перфорациясы

С. Инфекциялы – токсикалы шок, ДВС синдром

D. Ішектен қан кету

Е. ҚШҰ синдромы

Блок №8 Төтенше жағдай туындағанда көрсетілетін жедел жәрдем
1.Cабақ ТАҚЫРЫБЫ: Суға бату. Тұншығу.
Мақсаты: Студенттердің странгуляциялық асфиксиядан зардап шегушіге ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін диагностикалық және жедел жәрдем дағдыларын дамыту.
Оқытудың тапсырмалары:

1.Студенттерді странгуляциялық асфиксияның және суға батудың клиникасымен , диагностикалық критерилерімен таныстыру.

2.Студенттерді странгуляциялық асфиксияның диагностикасы және емімен ауруханаға дейінгі кезеңде таныстыру

3. Студенттерді ащы және тұзды суға батудың ажырату диагнозымен таныстыру.

4. Студенттерді странгуляциялық асфиксия және суға батудан зардап шегушіге көрсетілетін тактикамен таныстыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Суға батудың жіктелуі

2. Ащы суға батудың клиникасы

3. Тұзды суға батудың клиникасы

4. Суға бату кезінде ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін емнің алгоритмі.

5. Асфиксияның жіктелуі

6. Странуляциялық асфиксияның клиникасы

7. Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейінгі көрсетілетін емнің алгоритмі.


Оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтармен жұмыс жасау, дискуссия, презентация, кері байланыс орнату.

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича,2004. =704.

Бақылау:

Тесттер:


  1. Суға батудың «ылғалды» түрі қай типке жатады:

А. Синкопальді

В. Асфиксиялық

С. Шынайы


  1. Екіншілік

  2. Судағы өлім




  1. Суға батудың «құрғақ» түрі қай типке жатады:

    1. Асфиксиялық

    2. Екіншілік

    3. Шынайы

    4. Судағы өлім

    5. Синкопальді




  1. Суға батқанда ең маңызды факторға жатады:

  1. Қанның электролиттік құрамының өзгеруі

  2. Қанның көлемінің өзгеруі

  3. Эритроциттердің гемолизі

  4. Тыныс жетіспеушілігі

  5. Гиперкапния




  1. Мұздық шок (крио. дамиды:

  1. Жоғары тыныс жолдарына суық судың түсуі

  2. Дыбыс байламдарының рефлекторлы спазмы

  3. Жүректің біріншілік рефлекторлы тоқтауы

  4. Мидың ишемиясы және жүректің рефлекторлы түрде тоқтауы

  5. ЖҚА салыстырмалы түрде ұлғаюы




  1. Қандай суға батуда құтқарғаннан кейін біршама уақыттан соң су аралас құсық және асқазан сөлдері пайда болады.

  1. Синкопальді

  2. Шынайы

  3. Асфиксиялық

  4. Судағы өлім

  5. Екіншілік




  1. Қай суға бату кезінде «жалған респираторлы» тыныс болуы мүмкін:

  1. Шынайы

  2. Асфиксиялық

  3. Судағы өлім

  4. Синкопальді

  5. Екіншілік




  1. Қандай суда клиникалық өлімнің уақыты ұзарады:

  1. Ащы

  2. Теңіз

  3. Жылы

  4. Суық

  5. Ыстық

8. Суға бату кезінде көрсетілетін медициналық жәрдем тәртібіне кірмейді.



  1. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету

  2. Оттегімен оксигенация

  3. Белсенді жылыту

  4. ӨЖЖ, ауызбен ауызға , мұрынмен ауызға

  5. Наркотикалық анальгетиктерді қолдану

9.Суға бату кезінде өкпенің ісінуіне қарсы күресте қандай препарат қолданылмайды.



  1. Преднизолон

  2. Дексаметазон

  3. Метилпреднизалон

  4. Фуросемид

  5. Морфин

10.Странгуляциялық асфиксияның ауырлығы мен болжамы байланысты:



  1. Мойындағы жіптің орнына және мойынды қысу ұзақтығына

  2. Асылу түйінінің механикалық қасиетіне байланысты

  3. қысу, басу еніне байланысты

  4. алкогольдік мас болу дәрежесіне байланысты

  5. қоршаған ортаның температурасына байланысты

11.Қылқыну ізі қай жерде орналасқанда странгуляциялық асфиксиядан болатын өлім процесі тезірек дамиды?



  1. көмейдің тұсында

  2. көмейден жоғары

  3. көмейден төмен

  4. мойынның алдыңғы жағы

  5. мойынның артқы жағы

12. Геймлих тәсілі қолданылады:



  1. тырысу болғанда

  2. тыныс жолында бөгде зат болғанда

  3. мұрында бөгде зат болғанда

  4. бас миының ісінуінде

  5. жарақаттың көп болуы

13. Қандай асфикцияда тыныс қимылдарында тырысулар пайда болады:



  1. механическалық

  2. жарақаттық

  3. аспирациялық

  4. странгуляциялық

  5. асфиксикалық

15.Асфиксиядан кейінгі тырысу кезінде қандай препараттар антигипоксант және седативті ретінде қолданылады:



  1. оксибутират

  2. бензодиазепиндер

  3. барбитураттар

  4. морфин

  5. пентамин


Ситуациялық есептер:

      1. Сізге суға батудан зардап шеккен клиникалық өлім жағдайындағы 35 жастағы әйел жеткізілді.Құтқарушылардың айтуынша зардап шегуші суға бату кезінде біресе судың бетіне шығып біресе судың астында қалып өмірі үшін жанталасқан.Суға батудың түрін көрсетіңіз:

  1. Асфиксиялық

  2. Шынайы

  3. Синкопальді

  4. Екіншілік

  5. Судағы өлім

2.Сізге суға батудан зардап шеккен клиникалық өлім жағдайындағы 12 жастағы қыз бала жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша қыз қатты қорыққандықтан суға құлап кеткен.Суға батудың түрін көрсетіңіз:



  1. Асфиксиялық

  2. Шынайы

  3. Синкопальді

  4. Екіншілік

  5. Судағы өлім

3.Сізге суға батудан зардап шеккен клиникалық өлім жағдайындағы 30 жастағы әйел жеткізілді. Туыстарының айтуынша анамнезінде эпилепсиялық тырысу ұстамалары болған. Бірінші кезекте не туралы ойлауға болады.



  1. Асфиксиялық

  2. Шынайы

  3. Синкопальді

  4. Екіншілік

  5. Судағы өлім

4. 03 бригадасы шақыртуға келгенде ер адамның жерде жатқанын көрді. Туыстарының айтуы бойынша жуынатын бөлмеде асылып тұрған жерінен тапқан.. Олар жедел жәрдем келгенше асылған жіпті шешкен. Объективті: кеудесінде тыныс қимылында бірең сараң дірілдер анықталады,кеуденің жоғары жағында, бетінде айқын көгерулер бар, көптеген нүкте тәрізді қан ұйылулар, мойнында буыну ізі бар. Сіздің алғашқы тактикаңыз?

  1. трахеяның интубациясы

  2. ӨЖЖ -ге көшіру

  3. системаны қою

  4. преднизолонды енгізу

  5. адреналинді енгізу

5.03 бригадасы келгенде , 20 жасар қыз тіршілік белгілерінсіз еденде жатыр. Туыстарының сөзі бойынша отырыстан жылап келген. Жуыну бөлмесіне кіріп, ұзақ уақыт есігін ашпаған. Жуыну бөлмесіндегі шуды естіп есікті бұзып кіргенде, оның асылып тұрғанын көрген. Қарағанда: қылқынған ізі көмейдің үстінде орналасқан. Ес түссіз, терісі көгерген. Тынысымен жүрек соғуы жоқ . Сіздің тактикаңыз?



  1. ӨЖЖ жасау

  2. ЖӨР жасау

  3. Трахеотомия

  4. Коникотомия

  5. Ауа жіберу түтігі

Сабақ №2 Тақырыбы: Электрожарақаттар


Мақсаты: электрожарақаттар мен найзағайдан зардап шегушілерді диагностикалау және жедел медициналық жәрдем көрсетумен студенттерді таныстыру.

Тапсырмалар:

Вариант 1. Электрожарақаттардың жалпы және жергілікті көрінісі.

Вариант 2. Найзағайдан зардап шегу, классификациясы.

Вариант 3. Найзағайдан зардап шегудің клиникасы.

Вариант 4. Балалардағы электротравмалардың ерекшеліктері.

Вариант 5. Электрожарақат мен найзағайдан зардап шегушілерді диагностикалау алгоритмі

Вариант 6. Электрожарақат мен найзағайдан зардап шегушілерге жедел медициналық жәрдем көрсету алгоритмі
Тақырыптың негізгі сұрақтары::


  1. Электрожарақат туралы түсінік, электрлік доға дегеніміз не?

  2. Электрожарақат кезіндегі мишеньдік ағзалар, тоқ ұрудың мағынасы

  3. токтың күшіне және кернеуіне байланысты электрожарақаттың клиникалық көрінісі.

  4. Найзағаймен зақымданудың клиникалық көрінісі.

  5. Электрожарақатты ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау алгоритмі

  6. Ауруханаға дейінгі кезеңде электрожарақатынан зардап шеккенде көрсетілетін жедел жәрдем алгоритмі.

  7. Электржарақат алған зардап шегушіге көрсетілетін шұғыл жәрдемнің алгоритмі.



Оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтармен жұмыс жасау, дискуссия, презентация, кері байланыс орнату.

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича,2004. =704.

Бақылау:

. Тесттер:



  1. Электрожарақаттануларда электр тогының кіру және шығу орындарында тері тіндерінің өзгерістері күюдің қай дәрежесіне сәйкес келеді:

A. III – IV дәрежесіне

B. I дәрежесіне

C. II дәрежесіне

D. III дәрежесіне

E. IV дәрежесіне


  1. Электр тогы әсер еткенде тері жамылғылары жарасы қандай формаға ие:

A. кратер тәрізді

B. анық емес

C. ісінген

D. анық формасы жоқ терең жара

Е.тырналған беткей жара


  1. Электрожарақаттың жергілікті көрінісі мынаған байланысты:

A. ауа ылғалдылығы

B. зақымдалушының терісінің жағдайына

C. ток күші мен кернеулігіне

D. ток күшіне

E. ток кернеулігіне
4. Қандай минимальды ток күшінің әсерінен зардап шегуші естен танып және өздігінен ток көзінен ажырай алмайды?

A. 15 мА


B. 30 мА

C. 10 мА


D. 5 мА

E. 50 мА


5. Қандай ток күшінің әсерінен зардап шегушіде тыныс тоқтауы мүмкін?

A 5-10 мА

B. 15- 20 мА

C. 10-15 мА

D. 25 – 50 мА

E. 5-15 мА


6. Шок белгілері бар электрожарақаттардан зардап шегушіні тасымалдау қалпы:

A арқасында жату

B. аяқтарын көтеріп жату

C. отыру

D. бірқырымен жату

E. ішімен жату


7. Аритмиясы бар электрожарақаттардан зардап шегушіні зақымдану ошағынан алып шыққан соң жедел медициналық жәрдемді бастау қажет:

A оттегі ингаляциясы

B. ЖӨЖ

C. антиаритмиялық заттар



D. трахеобронхиальды ағашты тазарту

E. схема бойынша реанимация


8. Қандай препарат жүректің қарыншалық ырғақ бұзылысы бар электротравмадан зардап шегушіге берген тиімді:

A изоптин

B. коргликон

C. изокет

D. кордарон

E. верапамил

9. Электрожарақаттан зардап шегушіде қарынша фибрилляциясы болса, мақсатты түрде жиі пайдаланады:

A изоптин

B. лидокаин

C. дефибрялляция

D. кордарон

E. коргликон


10. Зардап шегушіде қай орган электр тогымен зақымдалғанда бірден өледі:

A бауыр


B. бүйрек

C. жүрек


D. ми

E. өкпе
11. Зардап шегушіде электр тогы жүрек арқылы өткенде жиі пайда болады:

A естен тану

B. қарыншалық фибрилляцияға дейінгі аритмиялар

C. апное

D. дене бұлшықеттерінің тоникалық қысқаруы

E. ауру синдромы және шок
12. Төменде келтірілгендердің қайсысы электрожарақаттың I дәрежесіне сәйкес келеді:
A аяқастында өлім және прострация алды

B. жалпы тырысулар, токтан алып тастаса прострация жогалады

C. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танумен

D. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танусыз

E. жекелеген ұстамалар
13. Төменде келтірілгендердің қайсысы электрожарақаттың IІ дәрежесіне сәйкес келеді:

A. аяқастында өлім және прострация алды

B. жалпы тырысулар, токтан алып тастаса прострация жоғалады

C. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танумен

D. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танусыз

E. жекелеген ұстамалар


14. Төменде келтірілгендердің қайсысы электрожарақаттың IІІ дәрежесіне сәйкес келеді:
A аяқастында өлім және прострация алды

B. жалпы тырысулар, токтан алып тастаса прострация жогалады

C. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танумен

D. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танусыз

E. жекелеген ұстамалар
15. Электрожарақаттан қанайналымының бұзылысы бар зардап шегушіде жедел медициналық жәрдемге төмендегілер кіреді? Біреуінен басқасы:

A. кеңірдек интубациясы және ЖӨЖ бастау

B. қанайналымын динамикалық бақылау және ЭКГ

C. электр тогын әсерін жою

D. жүрек гликозидтерін енгізу

E. тынысты динамикалық бақылау




Ситуациялық есептер

1. Әйел 27 жаста 220 W ток кернеуімен әсерлескеннен соң есі қалыпты, қозу жағдайында, пульс 108 рет 1 минутына, АД 150/90 мм.сын.бағ. Зардап шегушіге қандай диагностикалық әдіс ең тиімді?

A пульсоксиметрия

B. электрокардиография

C. қандағы глюкоза деңгейін анықтау

D. спирометрия

E. электроэнцефалография
2. Ер адам 34 жаста үйінің қасында от шашқан электропроводты қолында ұстап ес-түссіз жатыр. Обьективті: дененің төменгі бөлігінде клоникалық тырысулар, ТЖ – 20 рет мин., пульс -100 соққы рет мин АД 140/ 100 мм.сын.бағ. қолында дөңгелек пішінді бозғылт сұр түсті. Электротравманың дәрежесін анықтаңыз

A V дәрежесі

B. I дәрежесі

C. II дәрежесі

D. III дәрежесі

E. IV дәрежесі




  1. 5 жасар баласын анасы үйінен ес-түссіз, тоникалық тырысулары бар және оң қолында шегесімен тауып алды. Бұған дейін дені сау болған. Қарап тексергенде: ТЖ – 30 рет мин., пульс -130 соққы. Оң алақанының терісінде сызықшалы формалы ақшыл-сұрғылт жара бар. Тырысулардың болуы ең мүмкін себебі

A басішілік гипертензия

B. бассүйек-ми жарақаты

C. электрожарақат

D. коллапс

E. естен тану
4. Ер адам 44 жаста 380 W электр тогымен әсерлескеннен кейін қысқы уақытқа естен тану, тынысы 18 рет 1 минутына, АД 85/60 мм.сын.бағ., аритмия ЖСЖ 178 рет 1 минутына.  Қандай препаратты бірінші кезекте беру қажет:
A верапамил

B. кордарон

C. преднизолон

D. дигоксин

E. магний сульфат
5. Ер адам 26 жаста кездейсоқ басымен 800 W кернеулігі бар электр өткізгішке тиіп кетті. Обьективті: ес-түссіз, тоникалық тырысулар. АД 90/60 мм.сын.бағ. ТЖ 10 рет 1 минутына. Қандай препаратты бірінші кезекте беру қажет:

A. преднизолон

B. брузепам

C. магний сульфат

D. лидокаин

E. 40% глюкоза ер-сі




Сабақ №3 Тақырыбы: Үсу. Күн және ыстық өту

Мақсаты: Ауруханаға дейінгі этапта термиялық зақымдалуды диагностикалау, емдеу тәсілдерімен студентті таныстыру
Тапсырмалар:

  1. студентке жедел жәрдем жағжайындағы үсуді, қызынуды және салқындауды диагностикалау және емдеу әдістерін үйрету.

2. Күн және ыстық өткен науқасты жүргізу тактикасын, диагностикалау әдістерін студентке үйрету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Үсудің жіктелуі және дәежелері.

  2. Салқындаудың жіктелуі, дәрежелері

  3. Салқындаудың клиникалық көрінісі

  4. Үсу және салқындауды ауруханаға дейінгі этапта диагностикалау алгоритмі

  5. Үсу және салқындау кзінде ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін шұғыл жірдем алгоритмі.

  6. Күн және ыстық өтудің клиникасы

  7. Күн және ыстық өтуді ауруханаға дейінгі этапта диагностикалау алгоритмі

  8. Күн және ыстық өту кезінде ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін шұғыл жәрдем алгоритмі.


Оқытуды әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтармен жұмыс жасау, дискуссия, презентация, кері байланыс орнату.
Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича,2004. =704.
Бақылау:
1.Күн және ыстық өткен кездегі шұғыл көмекке кіреді:


  1. зардап шегушіні ыстық мекемеден алып шығу

  2. құсуды басу

  3. бас ауыруды басу

  4. ӨЖР

  5. 200,0 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға

2. Салқын өту кезінде бірінші медициналық жәрдемге не кіреді:



  1. зардап шегушіні жылыту әсіресе үсіген аймақтарын

  2. тыныс аналептиктерін енгізу

  3. литикалық қоспаларды енгізу

  4. жүрек өкпе реанимациясын жүргізу

  5. дененің үсіген аймақтарын қармен ысқылау

3.Аяқ қолдардың салқындауы кезінде шұғыл жәрдемге кіреді:

  1. жамбасты ыстық сумен жылыту

  2. зақымданған аймаққа мұз басу

  3. қолмен немесе жұмсақ матамен ысқылау

  4. спиртпен ысқылау

  5. қыздыратын мазьдерді жағу

4. Жоғары температуралы бөлмеде ұзақ уақыт ыстық өткен науқасқа сіздің жасайтын тактикаңыз.



  1. зардап шегушіні жылы орау

  2. оттегімен дем алдыру

  3. ортопное қалпын беру

  4. бас және шат аймағына мұз қою

  5. ыстық суға малынған дәкемен орау

5. Күн өткен кездегі таңдаулы препарат болып табылады:



  1. налорфин

  2. конкор

  3. глюкоза

  4. атропин

  5. фуросемид

6. Науқас моншаның бу бөлмесіне болғанда құлағында шу, жүрек айну , әлсіздік бас айналу , кенеттен басы ауыру болды. Сіздің диагнозыңыз:



  1. наркокома

  2. подагра

  3. гипертониялық криз

  4. қан айналымның жіті бұзылысы

  5. ыстық ұру

7. Жағалауда ес түссіз жағдайдағы ер кісі табылды.. Қарап тексергенде анықталды – тері жамылғылары гиперемирленген, температура тела 400, тахипноэ, тахикардия, АД 80\40 мм. сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз:



  1. ми қанайналымының жіті бұзылысы

  2. белгісіз жәндіктің шағуы

  3. анафилактикалық шок

  4. күн өту

  5. миокард инфаркты

8. Пациентті қарағанда қолында гемморагиялық қосылыс бар көпіршіктер анықталды Үсудің қай сатысы:

A. 1 сатысы


  1. 2 сатысы

  2. 3 сатысы

  3. 4 сатысы

  4. 2А сатысы

9. Қолдың үсуі деген диагнозбен науқас 03 көмегімен жеткізілді. Қарап тексергенде некроз ошақтары табылды. Үсіктің қай сатысы

  1. 1 сатысы

  2. 2 сатысы

  3. 3 сатысы

  4. 4 сатысы

  5. 2А сатысы

10. .Жедел жәрдем көмегімен науқас мынадай диагнозбен : жалпы салқындау және аяқ саусақтарының 1-,2-ші фалангаларының үсігі жеткізілді Қарап тексергенде науқас ес түссіз, тері жамылғылары бозғылт, брадипноэ, брадикардия, АД 70\40 мм.сын.бағ. Аяқ саусақтарының 1, 2-ші дистальді фалангалары мумифицирленген. Үсіктің қай сатысы:



  1. 1 сатысы

  2. 2 сатысы

  3. 3 сатысы

  4. 4 сатысы

  5. 2А сатысы

11. При каком состоянии, вначале пострадавший ощущает чувство холода, сменяющееся онемени­ем, исчезновением - вначале болевой, а затем и всех видов чувствительности.



  1. Қызыну

  2. үсу

  3. ми қанайналысының бұзылысы

  4. наркотикалық улану

  5. алкогольмен улану

12. Күн және ыстық өткенде тырысу мынаның нәтижесінде пайда болады.



  1. Бастың жарақаты

  2. күн сәулесінің ОЖЖ-не әсер етуі

  3. электролиттік баланстың тотығу жағынан бұзылысы

  4. сұйықты және суды жоғалту

  5. гипермагниемия

13. Литий цехының жұмысшысы бас ауруға, жүрек айнуғағәлсіздікке, бас ауруға шағымданады.Тері жамылғылары ылғалды, гиперемирленген, дене қызуы жоғары.Ортостатикалық гипертензия және тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыңыз:



  1. салқын тию

  2. гипертоникалық криз

  3. гипотония

  4. ритмнің бұзылысы

  5. қызыну

14. Мұзды мойынға, қолтық астына, шап аймағына қою арқылы дене қызуын басу қай патологияда маңызды:



  1. салқын тию

  2. гипертониялық криз

  3. қызыну

  4. гипотония

  5. ритмнің бұзылысы

15. Дене қызуы 2°С төмендеген.Тері жамылғылары бозғылт және салқын.. АҚҚ 130\90 мм.сын. бағ, тахикардия, есі анық, шамалы қозған, рефлекстері тірі. Келтірілген симптомдар салқын тиюдің қай сатысына тән:



  1. бірінші

  2. екінші

  3. үшінші

  4. төртінші

  5. бесінші


Ситуациялық есептер

1. Науқас моншаның бу бөлмесіне болғанда құлағында шу, жүрек айну , әлсіздік бас айналу , кенеттен басы ауыру болды.АҚҚ 105/65 мм.сын.бағ. ТАЖ 20 рет 1 минутта. Сіздің диагнозыңыз:.



  1. наркокома

  2. подагра

  3. гипертоникалық криз

  4. миқанайналымының жіті бұзылысы

  5. ыстық өту

2. 28 жастағы ер кісі орманда шаңғымен сырғанап жүрген кезінде шұңқырға түсіп кетті. Құтқарушылар оны 8 сағ өткеннен соң тапты.Пациентті қарағанда қолында гемморагиялық көпіршік табылды. Үсіктің қай сатысы:



  1. 1 сатысы

  2. 2 сатысы

  3. 3 сатысы

  4. 4 сатысы

  5. 2А сатысы

3. 10. .Жедел жәрдем көмегімен науқас мынадай диагнозбен : жалпы салқындау және аяқ саусақтарының 1-,2-ші фалангаларының үсігі жеткізілді Қарап тексергенде науқас ес түссіз, тері жамылғылары бозғылт, брадипноэ, брадикардия, АД 70\40 мм.сын.бағ. Аяқ саусақтарының 1, 2-ші дистальді фалангалары мумифицирленген. Үсіктің қай сатысы:



  1. 1 сатысы

  2. 2 сатысы

  3. 3 сатысы

  4. 4 сатысы

  5. 2А сатысы

4. 32 жастағы әйелдің жағдайы нашарлай түсті, жүрек айнуына, басының ауруына шағымданады. Қарап тексергенде – теріжабындысы қою қызыл, сипағанда ыстық. Катаральді белгілері жоқ.Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ.ТАЖ 20 рет минутына. Жүрек – тоны анық, ырғақты,ЖСЖ 88 в мин, АД 110\80 мм.сын бағ. Тексеру барысында науқаста тырысу болды. Қойылған диагноз: Ыстық өту синдромы. Тырысулық синдром Ыстық өту кезінде тырысуларды басу жасалатын шаралар?



  1. Вагустық сынамалар жүргізу

  2. Тұзды ерітінділерді енгізу

  3. Зәр айдаушыларды енгізу

  4. Анальгетиктерді енгізу.

  5. Гипотензивті заттарды енгізу

5. Жас әйел, ес түссіз . Объективті: тері жамылғылары гиперемияланған, ұстағанда ыстық. Катаральді белгілер жоқ. Везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ . ТАЖ 20 рет минутына. Жүрек – тондары ашық, ырғақты, ЖСЖ 88 рет минутына, АД 100\70 мм.сын.бағ.Басқа жүйелермен мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Науқас стационарға жеткізілді,, оған мойнына,қолтық астына, шат аймағына мұз қойылған. Қандай патология кезінде осындай медициналық жәрдем көрсетіледі.



  1. салқын тию

  2. гипертоникалық криз

  3. кызыну

  4. гипотония

  5. ритмнің бұзылысы


Cабақ №4 Тақырыбы: Улану.
Мақсаты: студентті уланудың ауруханаға дейінгі диагностикалаудың жалпы сұрақтарымен, емімен таныстыру.
Тапсырмалар:

1.Студентті уланған науқаспен жұмыс жасаудың негізгі принциптерімен таныстыру.

2. Студентті уланудың диагностикалық принциптерімен ауруханаға дейінгі этапта 3.Студентті жедел улануды емдеу принциптерімен ауруханаға дейінгі этапта таныстыру.

4. Студентті ағзаны ауруханаға дейінгі этапта табиғи және жасанды детоксикалау тәсілдерін үйрету.

5.Студентті антидоттық терапияны таңдауға үйрету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Токсикология туралы түсінік. улардың жіктелуі

2.Уланулардың жіктелуі

3. Ішкі ағзалардың токсикалық зақымдалу синдромы

4.Жедел уланудың диагностикасы және емдеудің жалпы прициптері

5. ағзаны табиғи және жасанды детоксикациялау әдісі

6.Қышқыл және сілтілермен улану. ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін шұғыл жәрдемнің клиникалық, диагностикалық ерекшеліктері.

7. Медикаменттермен улану . ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін шұғыл жәрдемнің клиникалық, диагностикалық ерекшеліктері

8. Алкогольмен және наркотиктермен улану. ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін шұғыл жәрдемнің клиникалық, диагностикалық ерекшеліктері

9. Қөмір қышқыл газымен улану. ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін шұғыл жәрдемнің клиникалық, диагностикалық ерекшеліктері


Оқытудың ідістері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтармен жұмыс жасау, дискуссия, презентация, муляжбен жұмыс, презентация,кері байланыс орнату.
Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2004. =704.
Бақылау:

Тесттер:


  1. Синильді қышқылмен уланған кездегі қолданылатын дәрілік препарат:

А Дипиридоксим

В. Этил спирті

С. Амилнитрит

D. Атропин

Е. Натрий гидрокарбонаты

2. Қандай себептен жүрек гликозидтерімен уланғанда науқаста құсық шақыруға болмайды:

А. Аспирациялық пневмония туындайды

В. Толық АВ блокадасының туындауы

С. Брадиаритмия туындау қаупі

D. Апноэ туындауы

Е. Қарынша фибрилляциясының туындауы

3. Қандай көру бұзылысы метанолмен улануға тән емес:

А. Офтальмопатия

В. Диплопия

С. Түсті ажырата алмау

D.Мидриаз

Е. Бір нүктеге қарап қалу

4. Көмірқышқыл газымен уланғанда тиімді ем:

А. Форсирленген диурез

В. Гемособция

С. Асқазанды жуу

D.Плазмофорез

Е. Оксигенация

5. Мышьякпен уланғанда қандай белгі байқалмайды:

А. Тамақтың күйдіруі

В. Жасыл түсті құсық қалдықтары

С. Іш қату

D.Іштің ауруы

Е. Аузында темір дәмінің сезілуі

6. Ацетилсалицил қышқылымен уланғанда ең тиімді әдіс:

А. Форссирленген диурез

В. Перитонеальды диализ

С. Белсендірілген көмір арқылы гемоперфуузия

D. Плазма фильтрациясы

Е. Гемодиализ

7. Наркотикалық анальгетикпен уланғанда тиімді:

А. Бемегрит

В. Кордиамин

С. Налоксон

D. Адреналин

Е. Преднизлолон

8 Қандай медикоментпен уланған жағдайда бұлшықеттік қисық мойын болады.

А. Галоперидол

В. Стрехнин

С. Фенилин

D. Гемитон

Е.атропин
9. Дер кезінде көмек көрсетілмесе өлімге әкелетін сірке қышқылының мөлшері:

А. 10-20мл

В.25-40мл

С.50-100мл

D. 150-180мл

Е. 200-300мл

10. Антифриздің өлімге әкелетін орташа мөлшері:

А. 25мл


В.50мл

С. 100мл


D.150 мл

Е. 200мл


11. Жедел пероральды улану кезінде асқазанды жууға көрсеткіш:

А, «У» қолданғанына 2 сағат өтпесе

В.» У» қолданғанына 10 сағат өтпесе

С. Науқастың ес түссіз жағдайда болуы

D. Кез-келген пероральды улануда

Е. Уланғаннан кейін 1 тәулік өтсе

12.Коматозды жағдайдағы науқастың асқазанын жуу:

А. Ауа өткізгіш енгізу

В. Кеңірдек интубациясы

С. Оттегі ингаляциясы

D. Кордиамин мен кофеинді бұлшықетке енгізу

Е. Көктамырға мезатон енгізу

13. Жедел улануда асқазан жуылады:

А. Таза су шыққанша жуу

В. 12-15 л су

С. Қайнаған 8 л су

D. Суық су

Е. 15-20л су

14. Алкогольді кома екзінде асқазанды жууға қажет су көлемі:

А. 1 л


В. 3л

С. 10л


D. 5л

Е. 2л


15. Опиатпен уланғандағы антидот болып есептеледі:

А. налоксон

В. белсендірілген көмір

С. физиолгиялық ерітінді

D. атропин

Е. адреналин



Ситуациялық есептер:

  1. Науқастың аузында темір дәмі сезіледі, құсығы көк түсті, сілекей ағу және шөлдеу сезімі мазалайды, қандай ерітінді қабылдаған?

  1. Бор қышқылы

  2. Тұз қышқылы

  3. Люголь ерітіндісі

  4. Каустикалық сода

  5. Гидроперит ерітіндісі



  1. 4 жастағы бала немен уланған. Егер онда келесі симптомдар болса:Миоз, бұлшықеттік құрысулар, галлюцинация, бронхоспазм, бронхорея, үздіксіз құсу, іштегі ауру сезімі.

  1. Этанол

  2. Метанол

  3. ФОҚ

  4. Парацетамол

  5. Аконит

  1. 35жастағы ер адам абайсыздан 150 мл антифриз ішкен. Біраз уақытткаен кейін есін жоғалтты, тонико – коникалық тырысулар пайда болды, тыныс алуы шулы және терең. Ағзаны детоксикация мақсатында асқазанды зонд арқылы жуу жүргізілді. Госпитализацияға дейінгі көмек?

  1. Унитиол 5%10 мл б/е

  2. Кальций хлориді 10 % 20 мл тамыр ішіне

  3. 5 % этил спирті ерітіндісі 200мл тамыр ішіне

  4. Атропин 0,1 % 20 мл тері астына

  5. Диазепам 0,5 % 2 мл тамыр ішіне

  1. Бойжеткен қыз жігітімен ұрсысқан соң суицид мақсатымен феноборбиталдың бірнеше дәрісін қабылдаған. 1 са ғаттан кейін жәбірленуші есеңгіреу жағдайыгнда тыныс алуы бөгелгегн, қарашықтары тарылған немесе жарыққа сезімталдығы жоқ. Жедел жәрдемді дұрыс жүргізу тактикасын таңданыз?

  1. Асқазанды шаю

  2. Кристаллоидты ерітіндіні енгізу

  3. Энтеросорбенттерді енгізу

  4. Тұзды су іш айдағыш ерітінділерді енгізу

  5. Аталғанның барлығы

  1. Моникальді – депрессивті синдроммен ауыратын әйел суицид мақсатымен бірден 30 мл формалин ішті. Асқазанды жууға арналған ерітіндіні көрсетініз?

  1. Белсендірілген көмір

  2. Магнмй сульфаты

  3. Натрий тиосульфаты

  4. Этиленгликоль

  5. Унитиол


Сабақ №5 Тақырыбы: Шағулар.
Мақсаты: улы жылан және жәндіктер шағу жиі кездесетіндіктен ауруханаға дейінгі этапта диагностикалау, ем жүргізу дағдыларын студентте дамыту.
Тапсырмалар:

1. студентті жылан және жәндіктер шақан кездегі уланудың диагностикасымен және клиникасымен таныстыру.

2. студентті жылан және жәндіктер шаққанда зардап шегушіге көрсетілетін ауруханаға дейінгі шұғыл жәрдемнің алгоритмімен таныстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1..Қазақстандағы улы жыландан мен жәндіктер

2. Улы жылан және жәндікердің уларын ажырату

3.. Улы жылан шаққан кездегі жедел жәрдем.

4 Улы өрмекші шаққанда көрсетілетін жедел жәрдем

5. Зардап шеккендерге дәрігердің әрекеті

6. Улы жыландар, өрмекшілер мен жәндіктер шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіштері 7.Улы жыландар, өрмекші және жәндіктер шаққан кездегі госпитализациялауға көрсеткіштер
Оқытудың тәсілдері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтарман жұмыс, дискуссия, презентация, презентация, кері байланыс орнату.
Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.



Бақылау:

Тесттер:

  1. Синильді қышқылмен уланған кездегі қолданылатын дәрілік препарат:

А Дипиридоксим

В. Этил спирті

С. Амилнитрит

D. Атропин

E. натрий гидрокарбонаты













Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет