Ревматизмнің дамуы және рецидивтері А топты β гемолиздеуші стрептококктық инфекциямен тығыз байланысты. Стрептококктық инфекцияның күмәндігін дәлелдейтін мәліметтер:
ревматизммен ауыратын адамдардың көмейінен срептококтың табылуы, қанында стрептококтық антигендердің болуы және стрептококтық антиденелер титрінің биіктігі.
стрептококқа қарсы дер кезінде жасалатын емнің ревматизм дамуын азайтуы.
Стрептококк микробының бойында 20-дан астам антиген, фермент және эндотоксин бар.Солардың ішінде ревматизмге соқтыратын әсері барлары – стрептолизин- О ,фибринолизин , гиалуронидаза , стрептодорназа , М- антиген , Т- протеиндер.Ревматизм не болмаса оның рецедивтері көмекей , жұтқыншақ , мұрын қуыстарының қайталанған баспа , фарингит , синусит , жоғары тыныс жолдарының стрептококктік қатарынан кейін , 2- 4 жеті өткенде басталады.