Ақаусыз біріншілік ревмокардитті ревматизмдік емес миокардиттерден айыру қиынға түседі. Мұндайда біріншілік ревматизмдік миокардитті айыруға көмектесетін клиникалық белгілер:
миокардиттің инфекцияның үстінде емес, бірнеше аптадан кейін дамуы. Адамның ширақтығы мен жұмысқа жарамдылығының қалпына тез келмеуі , баспамен ауырғандармен жиі жанасу , үйреншікті қызметтен шаршау , тершеңдік , субфебрилитет , тыныш қалыпта , әсіресе дене қызметінен соң жүректің соғуы , жүрек тұсындағы жағымсыз сезінулер ,тәбеттің төмендеуі.
Көбіне балалармен жасөспірімдерде дамуы
Артрит немесе артралгиямен қатар жүруі
Васкулиттің, перикардиттің пайда болуы
Стрептококтық антиденелер титрінің биіктеуі
Қабынуға қарсы емнің тез әсер еруі
Дифференцианалдық диагностиканы буын синдромы бойынша жүргізгенде ревматизмде білезік фалангалық, т.б. Ұсақ буындардың қайтымсыз деформациялану мүмкіндігін ескерту керек.