Ревматизммен мектеп жасындағы балалар жиі ауырады.Аурудың 1- ші шабуылы көбінесе қатты түрде басталады , әлсіздік пен селқостық , дене қызуының жоғарлауы , интоксикация болады.Аурудың осындай жалпы белгілері шығуымен қатар , буын ісу белгілері – полиартрит не артралгиялар пайда болады.
А.Н.Нестеров ревматизм дамуының 3 кезеңін айырған.
Латентті , “үнсіз” бүркемелі кезең. Бұл кезде организмде стрептококтық антигендерге сенсибилизация процесі қалыптасады.Үнсіз кезең симптомсыз жүреді немесе астенизацияның , ұзаққа созылған реконвалесценцияның белгілері болуы мүмкін.Делсалдық , артралгиялар , мұрынның жиі қанауы , тері жамылғыларының қуқылдануы , ЭТЖ шамалы жоғарлауы , антистрептококтық антиденелер титрінің биіктеуі.
Біріншілік ревматизмнің гиперергиялық реакцияларының кезеңі – ревматизмнің алғашқы шабуылы.Бұл кезде полиартрит , біріншілік кардит , ревматизмге тән иммундық бұзылыстар дамиды.Ревматизмнің алғашқы шабуылы көбінесе мектеп жасындағы балаларда кездеседі , дер кезінде емдемегенде , ол ағзаларда өзгерістерді қалдырмай , толық сауығуы мүмкін.
Ревматизмнің қайталамалы өршулерінің кезеңі. Дерттің қайталап өршуінен жүрек ақауы , шамасыздығы және организмде аутоиммундық , дистрофиялық , процестер қалыптасады.Рецидивтер жиіленіп , аурудың барысы үздіксіз өршу түріне айналады.