Стационарлық ем. Стационарға түскенде міндетті түрде көмекей микрофлорасын , стрептококтық антиденелер титрін және жедел фазалық көрсеткіштерді анықтайды, сонымен бірге кеуде рентгенографиясы мен электрокардиографияны жасайды.Инфекциялық эндокардиттің бар жоғын анықтауға қанның бактериялық анализін алу керек.

Тәртіп. Тәртіптің түрі ревмокардиттің бар жоғына және оның активтілік дәрежесіне тәуелді.Кеселдің жеңіл барысында алғашқы 7-10 күн бойы жартылай төсек тәртібі ұсталады.Кардиттің едәуір ауырлығында қатаң төсек тәртібі 2-3 апта қолданылады.
Тағаммен емдеу. Қолданылатын № 10 емдәм.Оның құрамында белок жеткілікті болуы тиіс , натрийдің , судың мөлшері шектеледі.Сонымен қатар рационға көкөніс , жеміс қосқан пайдалы.
Тағаммен емдеу. Қолданылатын № 10 емдәм.Оның құрамында белок жеткілікті болуы тиіс , натрийдің , судың мөлшері шектеледі.Сонымен қатар рационға көкөніс , жеміс қосқан пайдалы.
Этиологиялық ем. Пенициллинмен жүзеге асырылады , өйткені ол b – гемолиздеуші стрептококқа бактерицидтік әсер етеді.Бактерицидтік емді ұзарту үшін бициллин – 5- 1200 000 немесе 1500 000 Б (калий немесе натрий тұзының ) 2 аптада бір рет , 1,5 – 2 ай салынады , содан кейін әр 21 күнде бір рет 5 жыл салып отырады.
Бициллин – 5, инекцияны сирек жасай отырып , қандағы пенициллин концентрациясын жеткілікті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Пенициллинге аллергия болса , оның орнына эритромецин 0,25 гр күніне 4 рет немесе цефалоспориндер қолданылады.Бірақ пенициллинге аллергия болғанда цефалосфариндерге де аллергия болу мүмкіндігін ескеру қажет.
Қорыта келгенде ревматикалық қызба ауруы, қазіргі кезде өлім көрсеткіші жағынан бірінші орында деугеде болады.Ол мүгедектікпен де аяқталады.Көбінесе адамдардың қиыншылық кезеңімен бітеді.Көп жағдайда ревматизмді клиникалық жағдай қиындығына қарап диагнозын қоямыз және белсенділігіне баға береміз.Осы аурудың әсерінен жастайынан тез қартаю болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко Москва “ Медицина“ 1999
Внутренние болезни. С.Л. Касенова
Алматы, 2005
Учебно – методическое пособие Машкунова О.В. Алматы 2008