АҚ «Алматы технологиялық университеті»
Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн факультеті
Кафедра «Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы»
Білім алушының өзіндік жұмысы
ТІГІН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Ылғалды—жылумен өңдеу тәртібі және техникалық талаптар
Орындаған: Дауылбайқызы Ақерке
Тобы: КШИ 19-12( 7-топ)
Тексерген : Кучарбаева Қ.
Доцент , профессор АТУ
Алматы, 2022 жыл
Тігін бұйымдарын ылғалды жылумен өңдеу деп бөлшектерді не бұйымдарды арнайы жабдықтың көмегімен ылғалмен, жылумен және қысыммен арнайы өңдеу түсініледі. Киім дайындау кезінде ЫЖӨ бұйымды өңдеудің барлық еңбек сыйымдылығының 15...25%-ын құрайды (бұйым мен мата түріне байланысты). Ылғалды жылумен өңдеу процесішілік (бұйымды өңдеу процесінде жүргізіледі) және ақырғы (дайын өнімді әрлеу кезінде) болады.
Бұйымның сапасы, сыртқы түрі көбінесе тігу процесінде де, соңғы әрлеуде де ЫЖӨ-ге байланысты болады. Ылғалды жылумен өңдеу бұйым бөлшектеріе көлемді-кеңістіктік пішін беру үшін қолданылады.
Бүкіл ылғалды жылумен өңдеу процесі үш кезеңнен тұрады: талшықты ылғалмен және жылумен жұмсарту; белгілі бір пішін беру; алынған пішінді ылғалды жою арқылы бекіту. Ылғалды жылумен өңдеуді үтіктеу (үтікпен), баспақта баспақтау және булау (булы баспақтарда, бу-ауалы манекендерде) арқыл орындайды. Жіп ілмекөрімінің тығыздығына қарай әртүрлі маталар ылғалды жылумен өңдеуден әрқалай өтеді.
ЫЖӨ тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады.Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы – арнайы үтік үстелшесі. Бұл үстелшенің шетінде арнайы үтік ке арналған орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады. Үтікпен жұмыс істегенде, өте мұқият болу керек.ЫЖӨ жұмысын түрегеп тұрып орындайды. Үтіктеп жатқан затпен көздің ара қашықтығы 35-45 см-ден кем болмауы керек.
Электрлі үтік
Ылғалды жылумен өңдеу тәртібі
-
Материал аталуы
|
Материалдың
беттік тығыздығы, г/м2
|
Температура,
0С
|
Пресс
|
Үтік
|
престеу уақыты, сек
|
үтік салмағы, кг
|
өңдеу уақыты, сек
|
Зығыр, мақта, жүн талшықтары, бірыңғай
Табиғи жібек талшығы, бірыңғай
Табиғи және
|
230- 330
330
230- 330
|
180
160
165
|
10
30
20
|
6- 8
3- 5
2- 2,5
2- 2,5
6- 8
|
30
60
30
|
химиялық талшық пен жіп, аралас
Химиялық талшық пен жіп аралас, бірыңғай
|
230- 330
|
150
|
15
|
3- 5
2,5
5
2- 2,05
|
30 10
|
Ылғалды жылумен өңдеу үтіктеу (үтіктің көмегімен), баспақтау (баспақтың көмегімен) және булау (бу-ауалы манекеннің көмегімен) арқылы орындалады.
ЫЖӨ операцияларын орындау кезінде келесідей техникалық талаптарды сақтау қажет.
Егер бұйым ерекшеліктері белгісіз матадан жасалса, онда оның түсі кетіп қалып, беріктігінің жоғалуына жол бермеу үшін үтіктің әсерін кішкене бөлігінде тексеріп алу қажет.
ЫЖӨ орындау кезінде үтік басқыш ретінде өңделмеген зығыр арқауды, бөзді, диагональды (пальто-костюм сұрыпталымындағы бұйымдар үшін) және аққа боялған, су-эмульсияық кремнийорганикалық препараттар (силикондар) сіңірілген зығыр не мақта-мата кездемесін қолданады. Үтік басқыштарға арналған маталарды силикондармен өңдеу үтік басқышқа қосымша термотөзімділік пен тозуға төзімділік береді.
Құрамында синтетикалық талшық бар маталардан жасалған бұйымдар үшін дәке және жұмсақ мақта-мата кездемелерін (бәйке, фланель) қолдануға кеңес беріледі.
Бөлшектерді не дайын бұйымдарды үтікпен өңдемес бұрын бүріккішпен ылғалдайды. Судан дақ қалып қоятын маталардан жасалған бөлшектерді ылғалдауға болмайды.
Ылғалды жылумен өңдеу операцияларын матаға жағылған ылғалды толықтай жойғанға дейін жүргізеді.
Тігіс сызықтарының бұрмаланып кетуіне жол бермеу үшін, оны қиықтарын толық тигізгенге дейін айыра үтіктеу қажет.
Анық әрі дәл сызық алу үшін тігістерді бірінші айыр үтіктеп, одан кейін жатқыза үтіктейді.
Жөрмелген және аударып тігілген жиектерді баса үтіктеуді алдын ала ылғалдап, ылғалды толық жойғанға дейін және өңделетін бөлшектердің жиектерін бір мезетте тегістеп және кедірбұдырларды жоя отырып, толық баса үтіктегенге дейін жүргізу қажет.
Бөлшектерді бұйымның ішкі жағынан ылғалды жылумен өңдеуді үтік басқышсыз орындайды, ал беткі жағынан үтік басқышпен орындайды. Бұл ретте жағаны астыңғы жаға жақтан, өңірді өңірасты жақтан, қайырма жағаны алдыңғы бой жақтан, манжетаны манжета асты жақтан, белбеуді кіші белбеудің асты жағынан, бұйым етегін бүкпе жақтан баса үтіктейді. Сырт киімде иық тігістері мен жеңтүптерді баса үтіктеп, арнайы баспақтарда беткі жағынан булайды.
Полиэфирлік не полиакрилонитрильді талшықты материалдардан жасалған жағаны, өңірді, етекті және басқа да бөліктерді баспақтауды жиектерді шалып тіккеннен кейін баспақтаудан соң ине тесіктері мен жіптерден іздерін жоюдың қиындығына байланысты екі рет орындаған дұрыс. Әуелі бөлшектерді үтік басқыш арқылы ылғалдамай 2...3 с баспақтайды, одан кейін көктелген тігімді алып тастайды да, қайталама баспақтауды үтік басқыш арқылы ылғалдай отырып, 10...40 с жүргізеді.
Тігістерді, бөлшек жиектері мен қатпарларды айыра үтіктеуді, баса үтіктеуді және бастыра үтіктеуді үстелде немесе шұғамен қапталған және үсті ақ мақта-мата кездемемен қапталған арнайы қалыптарда орындау қажет.
ЫЖӨ кезінде теңіз толқыны, көгілдір, ашық сұр және ақ түсті маталарға ерекше көңіл бөлу қажет, себебі осы түстерді алуға көмектесетін бояғыштар жоғары температуралардың әсеріне тым сезімтал.
Штапельдік, вискозалық маталарды ылғалды жылумен өңдеуді матаның бұзылуына әкелуі мүмкін созуға жол бермей, барынша аз ылғалмен жүргізеді. Барқыт, жартылай барқыт және мақпалдан жасалған бұйымдарды ылғалды жылумен өңдеуді арнайы құрылғының көмегімен немесе бұйым бөлшектерін не бөліктеін үтік табанының қыздырылған бетінің бойымен жылжыту арқылы орындайды.
Мата мен трикотаж жаймалардан жасалған бұйымдарды ЫЖӨ-дің ең үздік нәтижелеріне технологиялық буды пайдаланатын және артық ылғалды соратын баспақтар арқылы қол жетеді. Булау үстіңгі не астыңғы жастықша арқылы үстіңгі жастықша толық түспей бөлшекті ылғалдау үшін жүргізіледі. Егер жастықшалар жабық болса, онда булау желімдік материалдарды қолдана отырып, түйіндерді қалыптастырған не өңдеген кезде ғана орындалады.
Булы үтіктермен жұмыс жасаған кезде бумен ылғалдауды үтік алға қозғалған кезде ғана жүзеге асыру қажет. Үтік кері қозғалған жағдайда бу өшіп қалады да, үтіктегіш үстелдің не бөлшек өңделетін қалыптың жұмыс беті арқылы ылғалды сору қосылып кетеді.
Тігін бұйымдарын соңғы ЫЖӨ-ді бу-ауалы манекенде орындау қажет, ол болмаған жағдайда матаны алдын ала ылғалдай отырып, үтікпен не баспақпен орындау керек. Бұл ретте жиектер мен тігістерді түзеледі, бұйымның талап етілген пішіні алынады, кедір-бұдырлар, қымталған жерлер, жылтырақ іздер және т.б. жойылады.
Соңғы ЫЖӨ-ден кейін дайын бұйымдар бу-ауалы манекенде кептірілуі тиіс немесе бұйымға берілген пішін толық бекігенге дейін ілінген күйде салқындатылуы тиіс (жүн маталардан жасалған бұйымдарды 20...25 минут, жібек және мақта-матадан жасалған бұйымдарды 10...15 минут кептіреді).
Ылғалды жылумен өңдеу белгіленген режимдерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Режимдердің сақталмауы бракқа әкеледі: жылтырақ іздер, балқымалар, жылулық отыру, түктің балқуы, дақтар пайда болып, түстің өзгеруі орын алады.
ЫЖӨ сапасы жабдықтың жай-күйіне едәуір деңгейде байланысты болады.
Қауіпсіздік ережелері
1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек;
2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек;
3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек;
4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек;
5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды;
Достарыңызбен бөлісу: |