Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті


Әйелдерге арналған маусымаралық жилет материалдарына қойылатын талаптар



бет5/9
Дата04.07.2022
өлшемі2,17 Mb.
#147284
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Курсовая работа Мэлс М.Д.

4.2. Әйелдерге арналған маусымаралық жилет материалдарына қойылатын талаптар
Киімнің дамуымен бірге оған қойылатын талаптар да өсті. Жилетке арналған метриалдарға келесі сипаттамаларға ие болуы тиіс: беріктігі, тозуға төзімділігі, механикалық зақымдануларға төзімділігі, формаға төзімділігі, ұстамдылығы, шөгудің болмауы, су сіңіру қабілеті, желден, суықтан, қардан, жаңбырдан қорғау, жауын-шашын әсерінен кейін бояғыштың төзімділігі, күш-жігерді талап етпейтін қарапайым күтім. Қазіргі кездегі сән бағытындағы өндірілген тігін бұйымдары әр түрлі мағыналығымен қатар, көп функционалды болып келеді. Киім тұтынушылардың белгілі бір сұраныстарын қанағаттандырып, негізгі функционалдық тағайындалуына сәйкес келуі керек. Тағайындалған негізгі функционалдық талапқа сәйкес келуі бұйымның номенклатурасын, моделін, конструкциясын, матасын, түрін дұрыс таңдауға көмектеседі. Формасының сақталуын қамтамасыз ету үшін, аз қыртыстанатын матаны қолданып, киімнің кейбір жеке бөлшектерінің қаттылық дәрежесін арттырады. Киімнің функционалдық ерекшелігі оның эстетикалық көрсеткіштерімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Технологиялық талаптарды орындау сапасы жоғары бұйымды өңдеуді қамтамасыз етеді. Әрбір жаңа бұйымның технологиясы бұған дейінгі өңделген технологиялық әдістерге қарағанда арзан және озық болуы керек. Бұл саланы жетілдіру үшін көптеген тәжірибелерде қол жұмыстарын азайтып, жоғары жылдамдықтағы құрал-жабдықтарды және жаңа материалдарды қолдану абзал. Бөлшектерді жинау мен түйіндерді өңдеуде жоғары технология негізінде сапаны, тұрақтылықты мен жоғары дәлдікті талап ететін өңдеу әдістерін, кеңінен қолдану талап етіледі. Сонымен қатар, материалдың механикалық қасиеттеріне: созу және ию кезіндегі қаттылығына, драпталуына, инемен тесілуіне, сетінегіштігіне, мата және тігістегі жіптердің жылжуына, материалдың тангенциальды қарсылығына, олардың талшығының, жіптердің құрамына, материалдың түрі мен қасиеттеріне байланысты тігін өндірісінде технологиялық өңдеу тәртіптерін таңдау қажет. Конструкциялық талаптарға бұйымның конструкциясы мен қолданылған материалымен жұмыс істегенде еңбек және мата шығынын, уақытыназайту, модельдің конструкциялық және техникалық ұсыныстарын өндіріске дайындау үдерісін, тігін өндірісінде рационалды және жоғары дәлдіктегі конструкцияны талап ететін бұйым формасын қалыптастыру жұмыстары кіреді. Киім бөлшектерін пішкенде өлшемдердің дұрыс болуы, таңдалған өлшемдердің үлгісінде лекало арқылы пішілген бөлшектер адам денесіне қонымды және киімнің ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі қажет. Экономикалық талаптарға: материалдың құны (бағасы), оның ені, қызмет ету мерзімі, пішу кезіндегі, киімдердітазалаудағы жеңілдігі жатады.Тігін бұйымдарын дайындаудағы тиімділігі өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын азайту болып табылады. Өндірісте экономикалық талаптарға әдетте тұтынушылық көзқараспен қарағанда, бұйым бағасының қолайлылығы және арзандығы, ұзақ эксплуатациялануы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет