Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде эссе



Дата20.07.2023
өлшемі26,08 Kb.
#179522
Байланысты:
Жеке адамдар «әлеуметтік тіршілік иелері» ретінде» тақырыбына Эссе


Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде эссе
Индивид- дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, “әке мен бала” мәселесі.
Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.
Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.
Алғашқы әлеуметтену үрдісі – тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады.
Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.
Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.
Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен» бейнесі бірден қалыптаспайды. Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.

Жеке тұлғаның даму тарихы бар. Ертедегі ғалымдар жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта әсер етеді деп есептеген. Адам тіршілік иесі болғандықтан биологиялық фактор әсер етеді. Табиғаттың заңдары да оның дамуына қатысты. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар тарихи дамуының нәтижесінде орын алады. Биологиялық бағыт өкілдері тұлға тек туа біткен инстинкт арқылы дамиды, сол себепті қоғамның талаптарына бағынуға мәжбүр дейді.


Әрбір туылған адам қоғамның бір мүшесіне айналады, әлеуметтенуге тартылады. Сол себепті де алғашқы әлеуметтенуіне жанұясы, достары, мұғалімдер әсер етеді. Адам өз алдына мақсат қойса, сол мақсатқа жету жолында ізденсе, еңбектенсе, өзін-өзі көрсете алса, басқара алса, уақытын тиімді пайдалана алса әлеметтенуі жоғары болмақ. Жанұяның жылуын сезінуі, отбасының берекелі болуы, әке-бала, ана-бала сыйластығы мен құрметін сезініп өсуі жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуының негізі.
Әр отбасы – бір мемлекет. Ол отбасында өзіндік құндылықтары болуы шарт. Сол адами құндылықтарды бойына дұрыс алып шыққан тұлға – өзіндік қабілеті, қасиеті бар – жеке адам боп шығуы керек.
Қазіргі педагогика ғылымы тұлғаны биологиялық — әлеуметтік деп бөліп отырған жоқ. Адам биологиялық өнім болғанымен оның дамуына, қызығушылығына, оның бойындағы комплекстерден арылуға әлеуметтік орта көмектеседі. Л.С.Выготский анықтамасы бойынша тұлға белгілі бір функцияларды атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеру және адамды қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енгізу.
Адам баласы өмір сүре келе, жан-жақты өзін көрсету, қарым-қатынас жасау, іс-әрекет жасау барысында тұлға болып қалыптасады. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни бір топта, бірлікте өмір сүреді. Сөйтіп ол қоршаған ортадағы барлық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы тұлғалыққа ие болады. Осыдан барып Тұлға – әлеуметтің жемісі деген ой дәлелденеді.
Тұлғаның дамуы – білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие. Оның біріншісі – тұлға қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; екіншіден – жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, көзқарастары, эмоциялары.
Педагогикалық жүйенің міндеті – білім берудің мазмұнын жетілдіру. Мәселені шешудің тиімділігі шығармашылықта қаншалықты қолдануына байланысты болады. Жоғарыда айтқандай, тұлғаның дамуын өткен тарихтың мұрасынан зерттеп, меңгеру барысында адамзаттың рухани дамуын жетілдіруге болады.
Мектеп, білім, дағды – іскерліктің қалыптасуының бастамасы. Оның негізгі міндеті: жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, оқуға деген, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Осы міндеттерді жүзеге асыратын – ұстаздар. Олай болса, осы міндеттерді жүзеге асырудың тиімділігі – пәнді оқыту кезінде көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу шеберлігі. Мәселен, иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар көрсетіледі. Белгілі тақырыпқа тірек сызбалар қолдану, суретке қарап сөйлем құрау арқылы тапсырмаларды ауызша, жазбаша қолдану арқылы орындау сөйлеу қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді. Шығармашылық жазба жұмыстарын, тіл дамыту жұмыстарын жиі орындатып, олардың пікірі, салыстыра білуі, логикалық ойлауы, шығармашылық қиялы, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде бере алуға бағыттап, қалыптастыру керек. Әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушылармен талдап, жақсы-жаман кейіпкерлерін анықтау арқылы баланың қабілетін дамытуға болады. Сахналық қойылымдарды адамның мінез-құлқын талдау үшін қолданады. Алуан түрлі ребустар шешу, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдарды шешу оқушыларды қызықтырып, ынталандырады.
Мұғалім осынау жаһандану заманында қай технологияны, қандай әдіс — тәсілдерді таңдаса да өз еркі. Әрбір сабақта қандай озық технологияны игерсе де, қандай да бір әдіс-тәсілдерді қолданса да ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған жеке тұлға қалыптастыру үшін таптырмайтын қарапайым әдіс-тәсіл деп білеміз. Туған тілін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын сүйе білген оқушы білімге ынталы, жақсылыққа құмар, жүрегі кең, жаны жайсаң, шешендік өткір тілмен сөйлей алатын, ойын ашық жеткізетін, жеке тұлға ретінде қалыптасқан азамат болары сөзсіз.
Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмас үдерісінде өтеді. Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы — өмірге өзіндік көзқарастарының болуы. Әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін шыңдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған әрбір мұғалім әдебиеттегі көркем мәтінді ұлттық құндылықтармен өзектестіре оқыта отырып, оқушының жан-жақты қабілеттерін дамытады.
Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асады. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ақылдасып, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете біледі. Диологтің адами дамуында алатын орны жөнінде М.М.Бахтин былай деген: «тек қарым-қатынаста, адамның адаммен өзара әрекеттесуінде ғана «адам ішіндегі адам» басқалар үшін де, өзі үшін де танылады». Оның пікірінше, диолог – бұл тұлғаны қалыптастыру құралы емес, тұлғаның болмысы. Диалогтік ұстаным негізінде субъект-субъектілік қарым-қатынастар арасында бір-бірін құрметтеу, мойындау, өзгенің пікірін тыңдау, өз пікіріңді дәлелдеу әрекеттестігі қалыптасып, толеранттылық пен мейірімділік қарым-қатынас орнайды.
Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудан арылуы тиіс. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.
Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
Зерттеушілер пікіріне сүйенсек, «диалог сабақ барысында әрбір оқушының қызығушылығын арттыратындығын, сонымен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне ықпал жасайтындығын кез-келген интербелсенді әрекетте, құрбы-құрдастарымен жүргізілген жұмыста да балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер етеді», «сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатындығын және де оқушылардың оқуына демеу, қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады» (Мерсер мен Литлтон, 1995, 2007). Әрине, зерттеушілердің бұл пікірлерін ескеріп, интербелсенді қарым-қатынас және өзара әрекетке түсу барысында оқушылардың оқуы жақсарғаны, әрі сұрақ қоюдың техникасын өзгерту арқылы белсенділігін арттыру керектігін ұғындым. Әр сабақта пікірталасты өзгертіп отырдым. Оқушылар сұхбаттасу кезінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынаста болды. Жұптық және топтық әлеуметтік іс-қимылда оралымды сөздерді дұрыс қолдана білді. Сұрақты талғампаздықпен қою, сауалға сәйкес ой-танымын таныту, дауыс ырғағын сақтау, мәнерлі сөйлеу, сөз құрылымына мән беру және естілген мәліметтерді жүйелі жазу талаптарын да естен шығармады. Нәтижесінде балалар тақырып бойынша бір-бірімен диалог құрып, сұхбатқа түсе алатындығын көрсетті. Сонымен бірге оқушының оқыту үдерісінде күнделікті сабақтан тыс үйірмелер, өнер мекемелеріне саяхат жасау, өнер адамдарымен кездесу, атақты адамдардың өмірі мен жеткен жетістіктерінен қызықты пікірлесу, дөңгелек үстелдер өткізудің маңызы бар. Сонымен қатар, оқушының шығармашылығын арттыратын мына іс-әрекеттерді ұйымдастыра білуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет