Жеке басты куәландыратын құжаттарды басып шығарудың тиісті сапасын және



Pdf көрінісі
Дата08.12.2023
өлшемі313,33 Kb.
#195514
Байланысты:
фото каз



Жеке басты куәландыратын құжаттарды басып шығарудың тиісті сапасын және 
құжаттандырылатын адамның биометриялық деректері бойынша сәйкестендірілуін 
қамтамасыз ету үшін құжаттандыру үшін ұсынылатын фотосуреттер төменде сипатталған 
талаптарға сәйкес болуы қажет. 
Діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты басты жабуды есепке алмағанда, 
фотосуретке бас киіммен түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда бет иектің төменгі жағынан 
бастап маңдайға дейін ашық болады, бас киімнің көлеңкесі бетке түсуіне жол берілмейді. 
СУРЕТКЕ ТҮСІРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕЛЕР 
1. АНЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ КЕРЕҒАР ТҮСІ 

Фотосурет кереғар түсті және анық. 

Бет-бейнесінің барлық белгілері анық көрінеді. 
2. ЖАРЫҚТАНДЫРУ 

Суретке түсіру кезінде бет-бейнесін жарықтандыру біркелкі. 

Бет-бейнесінің қандай да бір бөліктерін ағартудан немесе қараңғылаудан, сондай-
ақ қызыл көз әсерінен аулақ болу керек. 

Жарықтандыру табиғи түс қабылданады, көк немесе қызыл реңк сияқты түстерге 
жол берілмейді. 


3. ФОН 

Бір түсті және ашық фон қолданылады, сұр түсті фонды пайдалану ұсынылады, 
көк түсті фон болмауы керек. 

Бет-бейнесі мен шаш фонмен қарама-қарсы түсте және одан анық көрінеді. Егер 
суретке түсірілетін адамның шашы ақшыл болса, онда фон сұр түстің орташа өңді
ал егер қара болса, ашық сұр түстер таңдалады. Фонда қандай да бір суреттер мен 
өрнектерге жол берілмейді. 

Суретте суретке түсірілетін адамның бейнесі ғана болады (бөгде адамдар немесе 
заттар болуына жол берілмейді). Суретте көлеңкенің болуына жол берілмейді. 
4. ФОТОСУРЕТТІҢ САПАСЫ 

Фотосурет бейтарап түсте болады және терінің табиғи реңін береді; 

Суретте сынықтар, ластанулар немесе сызаттар болуға жол берілмейді. Көркем 
ретушь және өзге де айла-шарғыларға жол берілмейді; 


5. БЕТ-БЕЙНЕ КЕЙПІ және КӨРІНІСІ 

Бастын қисайтуға немесе бұрылуына жол берілмейді (мысалы, жартылай 
профильдік фото). 

Фотосуретке түсуші камераға тіке қарауы және оның беті бейтарап және аузын 
жауып камераға тура қарайды. Көзді сығырайтпау немесе адырайтпау. 

Түсірілім алдыңғы жақтан анық түсіріледі, жоғарыдан, төменнен немесе жанынан 
емес. 
6. КӨЗҚАРАС БАҒЫТЫ 



Фотосуретке түсуші камераға тіке қарайды. 

Көзі ашық, анық көрінеді, шашпен көздердің жабылуына жол берілмейді. 
7. КӨЗІЛДІРІК 

Көздер анық көрінеді, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге 
жол берілмейді. 

Денсаулық тұрғысынан өң берілген көзілдірік рұқсат беріледі. Көзілдіріктің 
құрсауы көзді жаппайды. 
8. БАСТЫ ЖАБУ 

Суретке бас киіммен түсуге рұқсат етілмейді. 

Діни не медициналық себептер бойынша басты жабуға жол беріледі. Бұл жағдайда 
беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады. 

Бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. 


Суреттерге қойылған барлық талаптар халықаралық ICAO стандарттарына сәйкес 
әзірленген. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет