Ұстаздарға жадынама 1.Мұғалімнің биік те, абзал атына лайық болыңыздар.Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!
2.Білімгерлерді силаңыздар . Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар – намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты сақтаңыздар.Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере алмайды.
3.Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер.Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, сіздердің үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп правоға ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің білімгермен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек