"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы"
N 1-ОЛ нысанды статистикалық есептi құру бойынша
нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221-III ҚРЗ Заңын (бұдан әрi - Заң), жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың өзге де тәртiбiн регламенттейтiн заңнамалық актiлердiң субъектiлерге қатысты бөлiгiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiлiктi нығайту жөнiндегi шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 1550 Жарлығын статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында енгiзiлетiн "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы" N 1-ОЛ нысанды статистикалық есептi (бұдан әрi - есеп) құру және қалыптастыру бойынша мемлекеттiк органдарға және мемлекеттiң қатысуы жүз пайызды құрайтын ұлттық компанияларға (бұдан әрi - субъектiлер) арналған бiрыңғай талаптарды белгiлейдi. Есеп Заңмен реттелетiн азаматтық-құқықтық саладағы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегi субъектiлердiң қызметiн бейнелейдi.
2. Осы есепке сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне, қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-атқарушылық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларды, азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық сот өндiрiсi және атқарушылық iс жүргiзуге қатысты өтiнiштердi қоспағанда, субъектiлерге келiп түсетiн барлық өтiнiштер жатқызылады.
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жинақталған есептi құрып, қалыптастырады.
2-тарау. Есептi дайындау
4. Есеп "Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн бiрыңғай есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ААЖ), Жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналы немесе белгiленген ережелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi тiркелетiн жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерi бойынша ақпараттық есепке алу құжаттары (карточкалар) мәлiметтерiнiң негiзiнде қалыптастырылады. Есеп жарты жылға және бiр жылға байланысты үдемелi қорытындымен қалыптастырылады.
5. Есепте келiп түскен өтiнiштердiң саны және оларды қарау нәтижелерi бейнеленедi. Субъектiнiң басшысы қол қойған есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiне (бұдан әрi - Комитет) және оның аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) жiберiледi.
6. Статистикалық есептердiң айқындылығы мен толықтығына субъектiлердiң басшылары жауапты болады.
7. Аумақтық органдар субъектiлердiң ұсынған есептерiнiң негiзiнде жинақталған есептi құрады.
8. Аймақ бойынша жинақталған есепке есептiк мәлiметтердiң толықтығы мен айқындылығын бақылап, есептiлiктiң бұрмалануын жоюға арналған қажеттi шараларды қабылдайтын аумақтық органның басшысы қол қояды.
9. Аймақ бойынша есептер тексерiлгеннен соң және оған аумақтық органның басшысы қол қойғаннан кейiн модемдiк байланыспен жолданады. Аумақтық органның бастығы қол қойған есептердiң түпнұсқалары Комитетке жiберiледi.
Модемдiк байланыспен және пошта арқылы келiп түскен есептердiң көрсеткiштерiнде сәйкессiздiк анықталған жағдайда модемдiк байланыспен келiп түскен есептердiң көрсеткiштерi негiзге алынады.
10. Республика бойынша жинақталған есепке Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасы қол қояды.
3-тарау. Есептiң құрылуы және оның құрылымы
11. Есепте, төмендегiдей өтiнiштердi қоспағанда, өтiнiштердiң түрлерi бойынша жiктелген субъектiге келiп түскен жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiнiң саны туралы мәлiметтер бейнеленедi:
1) жасырын өтiнiштер;
2) егер субъектiлердiң немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз шешiмдерiне берiлген шағыммен байланысты болмаса, жұмысқа қабылдау туралы өтiнiштер;
3) қызметкерлердiң өздерi қызмет атқаратын субъектiлерiне берген немесе бағынышты субъектiлер қызметкерлерiнен келiп түскен өтiнiштер.
Есепте қаралған, құзыреттiлiгi бойынша өзге ведомстволарға қарау үшiн берiлген және шешiлген өтiнiштердiң саны туралы, сондай-ақ келiп түскен өтiнiштер бойынша субъектiлердiң қабылдаған шешiмдерiнiң саны туралы мәлiметтер бейнеленедi.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау нәтижелерi iс жүзiнде орындалғаннан соң және тиiстi түрде құжаттамалық рәсiмделгеннен кейiн есепке енгiзiледi.
Қаралған өтiнiш деп кез-келген қанағаттандырылған, бас тартылған, қысқартылған, қараусыз қалдырылған, құзыреттiлiгi бойынша өзге органға қарау үшiн жiберiлген, сондай-ақ өтiнiштi қарайтын субъектiмен түсiнiктеме берiлген өтiнiштер саналады.
12. Шешу мерзiмi ұзартылған өтiнiштер мерзiмiн ұзарту арқылы шешiлгендер ретiнде ескерiлуi қажет.
13. Есепте, қосалқы даналарды қоспағанда, шешiлген қайталама өтiнiштердiң саны бейнеленедi. Қайталама өтiнiш деп аталған субъектiге бiр ғана тұлғадан бiр ғана мәселе бойынша екi реттен кем емес келiп түскен өтiнiштер ұғынылады, онда алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiм шағымдалады; егер өтiнiштiң келiп түскен уақытынан бастап белгiленген қарау мерзiмi өтiп кеткен болса, бұрын жiберiлген өтiнiштiң уақытында қаралмағандығы, өтiнiш берушiнiң жауапты алмағандығы туралы хабарланады; алдыңғы өтiнiштi қарау және шешу кезiндегi жiберiлген басқа да кемшiлiктер көрсетiледi.
14. Есеп екi кестеден тұрады: А кестесi - "Жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы", Б кестесi - "Заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы".
15. Есептiң А кестесiнде жеке тұлғалардың өтiнiштерi туралы мәлiметтер бейнеленедi:
1-бағанда - есептiк кезеңде өндiрiсте болған, сонымен қатар өткен кезеңде қаралмай есептiк кезеңде қарауға қалдырылған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
2-бағанда - өткен есептiк жылдан қарау үшiн қалдырылған өтiнiштердiң санын қоспағанда, субъектiге есептiк кезеңде қарау үшiн келiп түскен жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны (1-баған). 2-бағанның көрсеткiшi 7, 8, 9, 10, 11-бағандардың сомасына сәйкес келедi;
3-бағанда - басқа субъектiлерден келiп түскен жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
4-бағанда - Қазақстан Республикасының резиденттерi емес жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
5-бағанда - жеке тұлғалардың ұжымдық өтiнiштерiнiң саны;
6-бағанда - жалпы қол жетiмдi ақпараттық жүйелер бойынша алынған және Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлiк қол қою туралы заңдарының талаптарына сәйкес электрондық цифрлiк қолмен куәландырылған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны көрсетiледi;
7, 8, 9, 10, 11-бағандарда жеке тұлғалардың Заңмен анықталатын ұсыныстар, өтiнiштер, шағымдар, үндеулер, сұранымдар түрiндегi өтiнiштерiнiң саны көрсетiледi, соның iшiнде сұранымдарға шешу нәтижелерi анықтамаларды беру болып табылатын өтiнiштердi жатқызу қажет;
12-бағанда - шешу үшiн бағынышты органдарға жiберiлген жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
13-бағанда - жеке тұлғалардың қаралған өтiнiштерiнiң саны, соның iшiнде қаралған өтiнiштерге шешiлген өтiнiштер, аумақтық тиесiлiгiне немесе тергелуiне қарай басқа субъектiлерге, ведомстволарға жiберiлген және 16, 17-бағандар көрсеткiштерiнiң сомаларына сәйкес келетiн өтiнiштер жатқызылады;
14-бағанда - мерзiмiн ұзарту арқылы қаралған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
15-бағанда - Заңмен белгiленген мерзiмдi асыру арқылы қаралған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
16-бағанда - 13-бағаннан алынған аумақтың тиесiлiгiне және тергелуiне қарай басқа мемлекеттiк органға (ведомствоға) қарау үшiн жiберiлген жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
17-бағанда - 18, 19 және 20-бағандар көрсеткiштерiнiң сомасына сәйкес келетiн жеке тұлғалардың шешiлген өтiнiштерiнiң саны;
18-бағанда - шешу нәтижесiнде қанағаттандырылған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
19-бағанда - қараудан бас тартылған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны, соның iшiнде Заңның 11-бабына сәйкес өндiрiсi қысқартылған өтiнiштердiң саны;
20-бағанда - түсiнiктеме берiлген жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
21-бағанда - қосалқы даналарын есепке алусыз қайталанып шешiлген жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
22-бағанда - шешу нәтижесiнде қанағаттандырылған жеке тұлғалардың қайталама өтiнiштерiнiң саны, сондай-ақ бұрын субъектiмен бас тартылған өтiнiштер бойынша қанағаттандырылған өтiнiштердiң саны;
23-бағанда - қараудан бас тартылған, соның iшiнде өндiрiстi қысқарту туралы шешiм қабылданған жеке тұлғалардың қайталанған өтiнiштерiнiң саны;
24-бағанда - түсiнiктеме берiлген жеке тұлғалардың қайталанған өтiнiштерiнiң саны;
25-бағанда - есептiк кезеңде қаралмаған және қарау үшiн келесi кезеңге қалдырылған жеке тұлғалар өтiнiштерiнiң саны;
26-бағанда - жеке тұлғалардың өтiнiштерiн тиiстi емес қарағаны үшiн тұлғаларды (субъектi қызметкерлерiн) әкiмшiлiк немесе тәртiптiк жауаптылыққа тарту деректерiнiң саны;
27-бағанда - жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту деректерiнiң саны;
28-бағанда - жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тарту деректерiнiң саны көрсетiледi.
16. Б кестесiнде заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы мәлiметтер бейнеленедi және оның толтырылу тәртiбi осы Нұсқаулықтың 15-тармағында көрсетiлген А кестесiнiң толтырылу тәртiбiне ұқсас болып келедi.
4-тарау. Есептердi ұсыну мерзiмдерi
17. Есеп жартыжылдық және жылдық қорытындылар бойынша:
1) аудандық маңызы бар қалалық, поселкелiк, ауылдық, ауылдық аймақтық әкiмдiктер аудандық әкiмдiктерге есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 8-күнiне;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық әкiмдiктер Комитеттiң аумақтық органдарына есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне;
3) Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша әкiмдiктердiң департаменттерi (басқармалары, бөлiмдерi) және әкiмдерiнiң аппараттары Комитеттiң аумақтық органдарына есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне;
4) Астана, Алматы қалалары, облыстар және соларға теңестiрiлген аудандар (қалалар) субъектiлерiнiң аумақтық органдары Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша субъектiлерге есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 8-күнiне;
5) Астана, Алматы қалалары, облыстар және соларға теңестiрiлген аумақ бойынша субъектiлер Комитеттiң аумақтық органдарына есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне;
6) субъектiлердiң орталық аппараттары, өздерiнiң аумақтық органдары қызметтерiнiң нәтижелерiн есепке алмау арқылы, Комитеттiң аумақтық органдары Комитетке есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 14-күнiне;
7) Комитет республика бойынша жинақталған статистикалық есептi Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттiк органдардың қызметiндегi заңдылықты қадағалау жөнiндегi департаментiне есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 18-күнiне тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |