БӨЖ№6 Оқытудағы математикалық модельдеу тақырыбы бойынша түйін сөздер Бізге модель, модельдеу, математикалық модель, оқытудағы математикалық модельдеу түйін сөздері бұрыннан таныс. Жоғарыда да бұл сөздерге қысқаша түйіндемелер берілді. Енді осы тақырыптағы басқа да ұғымдарға түйіндеме жасайық.
Мәтінді есептер дегеніміз - аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды.
Схема құру- алгоритмді визуалды графикалық диаграмма түрінде ұсыну тәсілі.
Диаграмма – бұл түрлі шамалардың арақатынасын нақты көрсететін схема. Диаграммалар негізінен геометриялық нысандардан (нүктелер, сызықтар, түрлі пішіндер мен түстердің фигуралары) және көмекші элементтерден (координата осьтері, шартты белгілер, тақырыптар және т.б.) тұрады.
Тапсырманың математикалық моделін құру - тапсырмада ұсынылған жағдайларды табиғи тілден математикалық терминдердің тіліне аудару (формализация).
Модельдің ішіндегі тапсырманы шешу - математикалық теория шеңберіндегі тапсырманы шешу.
Алынған шешімнің интерпреті - алынған нәтижені (математикалық шешімді) аудару.
Процесс - бұл заңдық мәселелер белгіленген ережелер мен қағидаларға сәйкес шешілуі және жеке адамдарға әділетті қарау талаптары.
Математикалықтеория - Mathematical theory. Аксиомаларға негізделген математикалық модель.
Математикалықтіл - нақты ғылымдарды зерттейтін адамдардың ресми тілі. Ол әдеттегіден гөрі қысқа әрі түсінікті деп есептеледі, өйткені ол нақты ұғымдармен жұмыс істейді, нақты және әмбебап логикалық белгілері бар логикалық тұжырымдардан тұрады.
Классификация – бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы.
Математикалық модель – нақты дүниедегі құбылыстардың немесе объектілердің кез келген класын математика тілінде шамамен сипаттау.