Жеке карточка


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЕГЕР БАЛАҢЫЗ



Pdf көрінісі
бет25/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЕГЕР БАЛАҢЫЗ: 
• 5 айлығында қолына ойыншық ұстай алмаса
• 6 айлығында былдырламаса
• 7 айлығында қолына ойыншық ұстай алмаса және оны басқа қолына ауы
-
стыра алмаса
• 8 айлығында біреудің көмегінсіз отыра алмаса және онымен ойнағанда 
күлмесе, онда тез арада дәрігерге апарыңыз. 
Сәби отыруға тырысады, ересек 
адамның қолынан ойыншықты ала-
ды, ойыншық тұрған жаққа қарай 
еңбектейді.
Балаға кітап оқуды бастаңыз, бұл 
оның дамуына көмектеседі.


40
ҚАУІПСІЗДІК 
Мұқият болыңыз, баланы үстелде, кереуетте немесе креслода жалғыз өзін 
қалдырмаңыз. Ойыншықтарды тексеріңіз: бала жұтып қоюы немесе демімен 
тартып алуы мүмкін ұсақ заттардың болмауын қараңыз. Баланы машинамен не-
месе арбамен алып жүргенде оның белбеумен мықтап байланғанына көзіңізді 
жеткізіңіз, қауіпсіздікті сақтаңыз. 
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛЫҢЫЗ:
• сұйық іше алмаса немесе емшек сора алмаса
• әрбір емгеннен немесе сұйық ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса, емшекті сүлесоқ сорса
• ерекше ұйқылы-ояу болса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• ұстағанда денесі ыстық болса (37,5 °С-ден жоғары);
• ұстағанда денесі салқын болса (36,5 °С-ден төмен);
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса, жиі немесе сырылдап дем алса, 
тұншыға бастаса
• нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе.
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Жоспарлы екпелер жалғасады. Күнтізбеге қарап, дәрігерге баратын уақытыңызды 
алдын ала жоспарлаңыз.
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 


41
иӘ 
ЖОҚ
Балаңыз аударылып түсуге тырыса ма? 
Салмақ қосуы жақсы ма (салмақ диаграммасының 
қисығына белгілеңіз)? 
Етпетінен жатып, басын көтерген кезде ол білегін тірей ме? 
Шалқасынан жатып етпетіне аударыла ала ма? 
Ол өзі отыруға тырыса ма? 
Ойыншыққа ұмтыла ма, созған ойыншықты қолына ұстай 
ма және оны аузына апаруға тырыса ма? 
Отбасы мүшелерін көргенде күле ме немесе қандай да бір 
дыбыстар шығара ма? 
Радионың немесе теледидардың дауысы шыққан жаққа 
қарай басын бұра ма? 
Қосымша тамақ іше ме? 
Бала күтімінде Сізге не нәрсе ерекше қиындық туғызады? 
Баланың өсуі мен дамуы бойынша жүргізген бақылауыңызды сипат-
тап жазыңыз, өз ойыңызша, баланы дәрігерге көрсетуді талап етеді деген 
жағдайларды және басқа да маңызды түсініктемелерді келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет