Жеке карточка


Назар аударыңыз! ЕГЕР БАЛАҢЫЗ



Pdf көрінісі
бет33/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

Назар аударыңыз! ЕГЕР БАЛАҢЫЗ: 
• 12 айда бірде-бір сөз сөйлемесе
• 15 айлығында ойыншықты ала алмаса және қоя алмаса тез арада 
дәрігерге барыңыз. 
Ересектердің көмегімен немесе өз бетінше 
қадам жасайды.


53
ҚАУІПСІЗДІК
Енді балаңыз үйдің ішінде өз бетімен қозғала бастағанда, оның айналасындағы 
жадайының қауіпсіздігін осы карточкада көрсетілген сұрақтықтың көмегімен 
тағы бір рет тексеріңіз. Дәрі-дәрмектер мен кір жууға арналған құралдарды ба-
ладан тығып қойыңыз. Дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық құралдарды 
балалардың қолы жетпейтін жерге, пестицидтер мен мұнай өнімдерін бөлек 
орындарда сақтау керек. Химикаттарды тамақ сақтайтын ыдыстарда сақтауға 
болмайды. Электр айырғыштарды бітеуішпен тығындап қойыңыз. Тамақ пен 
суды қыздыруға арналған электр құралдарының бауы қысқа болуы тиіс. Ұзын 
баулар балалардың қолы жетпейтіндей биіктікке ілінуі тиіс. Балконға шығатын 
есік мұқият жабылуы тиіс. Пеште тұрған кастрюльдерге абай болыңыз, еден-
ге ешқашан қайнаған суы бар кастрюльді қоймаңыз. От көздері мен жылыту 
аспаптары мұқият қоршалған болуы тиіс. Баланы ваннаға жалғыз қалдырмаңыз 
және судың температурасын өлшеңіз. Баланы тікелей су ағынының астына 
жуындырмауға тырысыңыз, ыстық немесе суық судың жиі алмасуынан күйіп 
қалуы немесе балаға салқын тиюі мүмкін. Автокөлікпен жүрген кезде әрқашан 
қауіпсіздікті сақтаңыз. 
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ:
• сұйық іше алмаса немесе емшек сора алмаса
• әдеттен тыс ұйқы басса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір емгеннен немесе сұйық ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса, емшекті сүлесоқ сорса
• ұстағанда денесі ыстық болса (37,5 °С-ден жоғары);
• ұстағанда денесі салқын болса (36,5 °С-ден төмен);
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса немесе сырыл болса
• нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе,
дыбысқа жауап қайтармаса;
• қозғалатын заттарға қарамаса;
• әкесіне/анасына немқұрайлы болса және жауап қайтармаса;
• оңашада болғанды ұнатса;
• бүкіл денесімен шайқалатын болса;
шамадан тыс шошынатын болса;
• жиі мазасызданып, жыласа, көпке дейін тыныштала алмаса;
• ата-анасымен айрылысқанда алаңдамаса;
• өспесе және салмақ қоспаса ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ 
ҚАРАЛЫҢЫЗ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет