Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет36/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ЖАСЫ - 15-18 АЙ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Баланың жүруіне, жүгіруіне 
мүмкіндік беріңіз.


59
Назар аударыңыз!
Егер бала 18 айлығында жүрмесе және ең болмағанда са
-
налы түрде 3 сөз айтпаса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз! 
Есіңізде болсын, балаңыз бұл жаста жақсы мен жаманды ажырата алмайтындықтан, 
ол жаман қылық жасамайды. Бала мінезінің қалыптасуы екі негізгі феноменге 
негізделген – бұл «үлгі» және «еліктеу». Бала үлкендердің қылығына еліктейді, 
ол жақсы қылықтарды айналасындағыларға саналы түрде емес, еліктеу арқылы 
үйренетіндіктен, оған әрқашан жақсы үлгі беру керек. Мақтауға тұрарлық болған 
кезде, баланы әрқашан мақтаңыз, ал тентек болған кезде, оның жаман қылық 
екенін жазалау әдістерін қолданбай түсіндіріңіз. (100-бет).
ҚАУІПСІЗДІК
Бала жүре бастаған кезде жазатайым оқиғалар қаупін азайту үшін барын-
ша абай болыңыз. Суда және су жанында бала бір минутқа да үлкендердің 
қарауынсыз қалмауы керек. Егер үйдің жанында хауыз болса, ол міндетті түрде 
қоршалған болуы керек. Баланың айналасындағы жағдайды оның қауіпсіздігі 
тұрғысынан осы карточкада келтірілген сұрақтықты пайдалана отырып, тағы бір 
рет тексеріңіз. (101-бет). 
Өз бетімен тамақ жей алады.
Кубиктерден үй құрастыра 
алады.
Жақсы жүреді, жүгіреді, 
ересектердің көмегімен 
баспалдақпен көтеріледі, 
орындыққа өрмелеп шығады.


60
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ:
• сұйық іше алмаса немесе емшек сора алмаса
• әдеттен тыс ұйқы басса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір емгеннен немесе сұйық ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса
• ұстағанда денесі ыстық болса (37,5 °С-ден жоғары);
• ұстағанда денесі салқын болса (36,5 °С-ден төмен);
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса немесе сырыл болса
• нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе,
• жарақат алған, тұйық болса, денесінде көгерген дақтар, күйіктің орны, тырналған 
сызықтар болса, әсіресе бала басқа адамдардың қарауында болған жағдайда 
ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАРАЛЫҢЫЗ.
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Жоспарлы екпелер жалғасады. Медицина 
қызметкерімен алдын ала хабарласып, екпе жа-
сайтын уақыт пен орынды келісіңіз. 2 жасқа дейін 
баланың физикалық және психоәлеуметтік дамуын 
әрбір 3 ай сайын өлшеу қажет. 
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет