Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ЖАСЫ - 12 АЙ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ 
Балаға ортақ үстелден тамақ беруді бастауға болады


52
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала өз бетімен немесе үлкендердің 
көмегімен еңбектей алады және бірнеше 
қадам жасай алады. Ол «да-да», «ма-
ма», «ба-ба» т.б. буындарды жақсы айта 
алады. Кейбір сөздердің мағынасын 
түсіне бастайды, оларды қайталауға ты-
рысады, ыммен түсіндіруге талпынады. 
Затты көрсете алады, сәлемдесу белгісі 
ретінде қолын бұлғай алады, алақанын 
шапалақтайды, бармағының және сұқ 
саусағының көмегімен ұсақ заттарды 
ала алады. Қораптың қақпағын ашып, 
жаба алады, қарындашпен қағаз бетіне 
сыза алады, машинаны жүргізуге тыры-
сады. Суретті кітапшаларды ашып, суреттерін қарайды. Кітаптағы таныс затта-
ры мен кейіпкерлерін саусағымен көрсетеді, кейбір суреттерді көргенде бірдей 
дыбыстар шығарады, саналы түрде 2-4 сөз айтады, қарапайым тапсырмалар-
ды орындайды. Оған тұтқасы бар, соның көмегімен ойыншықты алып жүре 
алатындай немесе оны басқара алатындай ұстауға болатын заттарды, мысалы, 
арба, ойыншық машина, бесік арба, сондай-ақ, кубиктер, доптар, қуыршақтар 
ұсыныңыз. 
Бұл жаста балаларда мысалы, саусақ сору сияқты түрлі дағдыларды байқауға 
болады. Бұл қалыпты жағдай және бала үшін өмірінің алғашқы айларында 
қалыптасқан өзінің сору рефлексін қанағаттандыру және тыныштанудың өзіндік 
әдісі болып табылады. Егер бала 4 жасқа дейін өздігінен саусағын соруды қоя 
алмаса, бұл оның тілінің шығуына және азу тістерінің дұрыс жарып шығуына 
қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан азу тістер жарып шыққанға дейін 
оның бұл әдетін қойғызу керек. Бұл үшін мадақтау әдісін қолданыңыз, баланың 
қолы босамайтындай белсенді болуын қадағалаңыз: сурет салу, доппен ойнау, 
т.б. немесе қолын аузына сала алмайтындай етіп, көп сөйлетуге тырысыңыз. 
Балаға оның енді үлкен болғанын, ал үлкен қыз (бала) саусағын сормайтынын 
айтыңыз. Сондай-ақ оның неге бұл әдеттен бас тартуы керектігін түсіндіріңіз. 
Егер көрсетілген тәсілдер тиімсіз болса, оның саусақтарына қолын аузына салуға 
болмайтынын ескертіп тұратын, түрлі-түсті шүберек байлап қойыңыз. Егер ол 
саусағын ұйықтап жатқан кезде соратын болса, ұйықтар алдында оның қолына 
қолғап кигізіп қойыңыз. 
1жастан 3 жасқа дайінгі балалардың ұйқысының ұзақтығы - 12-14 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет