ҚАУІПСІЗДІК
Жағдайдың қауіпсіздігінің ұсынымдарға сәйкестігін тағы бір рет тексеріңіз.
Баланың теледидар алдында өткізетін уақытын шектеңіз:
• Балалар бөлмесінде теледидар болмауы керек;
• Баланың 1-2 сағатқа дейін теледидар немесе компьютер алдында отыра
-
тын уақытын шектеңіз. Бұны кезең-кезеңмен жасауға болады. Бала көбірек
белсенді болуды қажет ететін іспен айналыссын. Балаға орындаған кезде
рахаттанатындай тапсырмалар беріңіз (мысалы, сурет салсын немесе ма-
шинамен ойнасын);
• Егер бала теледидардың немесе компьютердің алдында уақытын аз
өткізетін болса, ақылға қонарлық мадақтау жүйесін ойластырыңыз (мы-
салы, оны қосымша аттракциондар саябағына апаруға уәде беріңіз);
• Тамақтанған кезде теледидарды өшіріп қойыңыз;
• Балаға ұйықтардан 2-3 сағат бұрын теледидар көруге тыйым салыңыз;
• Сіз өзіңіздің де теледидарды аз көретініңізді және уақытыңыздың көп
бөлігін оқуға және балаңызбен ойнауға жұмсау арқылы балаңызға үлгі
көрсетіңіз. Баламен үстел үстінде ойналатын ойындарды ойнау – ең
дұрысы.
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ:
• сұйық іше алмаса немесе тамақ жеуден және ішуден бас тартса
• әдеттен тыс ұйқы басса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір тамақ ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса
• ұстағанда денесі ыстық болса (38 және одан жоғары) және қызуы түспесе;
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса, жиі немесе сырыл болса, тұншыға
бастаса
• нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе,
• айналаға қызығушылық танытпаса, ересектермен қарым-қатынас жасай
алмаса;
• жүрген кезде өзінің салмағын ұстай алмаса;
67
• жарақат алған, тұйық болса, денесінде көгерген дақтар, күйіктің орны,
тырналған сызықтар болса, әсіресе бала басқа адамдардың қарауында
болған жағдайда;
• нашар ұйықтаса;
• шамадан тыс белсенділік танытса;
• дамуы кенжелеу болса;
• 10 минут бойында назар қойып ойнауға қабілетсіз болса, ТЕЗ АРАДА МЕ
-
ДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАРАЛЫҢЫЗ.
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Жоспарлы екпелер жалғасады. Медицина қызметкерімен алдын ала хабарла-
сып, екпе жасайтын уақыт пен орынды келісіңіз. 2 жастан 3 жасқа дейін баланың
физикалық және психоәлеуметтік дамуын әрбір 6 ай сайын өлшеу қажет.
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт):
Дәрігерден сұрау керек:
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда):
|