«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ»КеАҚ
Семей қаласы
2021жыл.
Тақырыбы:Нәрестелік шақтағы балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу.
Жоспар:
Нәрестелік шақ.
Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы:туғаннан 3-айға дейінгі балалар тәрбиесі.
3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Нәрестелік шақ (туылған күннен бастап 1 жасқа дейін) – баланың жоғары қарқынды дамуымен және баланың қалыптасуында айрықша маңызға ие болуымен сипатталатын кезең.
Нәрестелік шақ (туылған күннен бастап 1 жасқа дейін) – баланың жоғары қарқынды дамуымен және баланың қалыптасуында айрықша маңызға ие болуымен сипатталатын кезең.
Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы:туғаннан 3-айға дейінгі балалар тәрбиесі:
Бірінші 3 айда көру, есту және эмоционалды реакция дамуы жүзеге асырылады.Баланың көру зейіні 8-14 күнде туындайды. Жаңа туылған нәресте жарықты қараңғыдан ажырата алады. Алғашқы бірнеше күн ішінде сәби құрамдас бөлшектерін ажыратып көре алмаса да, ірі заттардың сұлбасын айыра алады. 1 айдың соңы –2 айдың басында ол қозғалмайтын заттарға, онымен сөйлесіп отырған адамның бетіне зейін қояды.2-2,5 айында бала ілулі тұрған ойыншыққа ұзақ қарайды және төңірегіндегілердің қозғалысын бақылайды.