3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесі:
3 айлығында баланың өзі үшін маңызды ересек адамға қатысты ерекше эмоционалдық-қимылдық әрекеті пайда болады – «жандану кешені». «Жандану кешеніне» ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтату, күлімсіреу, қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы (бала аяқ-қолдарымен қарқынды сермей бастайды) кіреді, бала жиі-жиі гу-гулей бастайды.
3 айдан кейін бала қолын «ашады», көрген затына қарай созылады, оны бір қолмен де, қос қолдап та қармайды, аузына қарай тартады. Ойыншықты зерттейді, саусақтарымен әрлі-берлі жүргізеді.