4,5-6 айлығында бала етбетінен жатып, созулы жатқан қолына сүйене алады,бір қолының білегіне сүйеніп, екінші қолымен затқа қарай созылады. Балалардың бір бөлігі 5,5-6 айлығында етбетінен жатып, айнала аударыла алады, ал кейбірі аздаған қашықтыққа етбетінен жатып еңбектей да алады. Бала аяқтарын ішіне қарай жинай алады, оларды көтере алады, тізесін қолдарымен ұстай алады.Балалардың көпшілігі отырғызып қойса, бірнеше секунд бойы отырған күйін сақтай алады.
6 айда бала айналасындағы адамдардың әрқайсысының ерекшеліктерін түсіне бастайды, олардың дауыстарын, иістерін біледі, аттарын біледі, қолдарын тартады, күледі. Бірақ таныс адамдарға күлімсіреп, бейтаныс адамдарды көргенде, ол жиі алаңдаушылық білдіреді: оларға сенімсіздікпен қарайды, жылайды.