Сабақтың тақырыбы: Монетаны (теңгені) танып білу Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары



Дата23.08.2017
өлшемі64,25 Kb.
#25369
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Математика

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 1 А

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім:

Тағам және сусын

Сабақтың тақырыбы:

Монетаны (теңгені) танып білу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.1.2.11 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен төлеу және айыра білу;

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: 1, 2, 5, 10, 20 теңгелік монеталарды біледі;

Оқушылардың көпшілігі: монеталармен белгілі бір сомадағы ақшаны жинай біледі және салыстыра алады;

Кейбір оқушылар: бір нәрсе сатып алуға ақшаларының жететіндігін анықтайды, дәлелдеп түсіндіре алады .

Тілдік мақсат

Оқушылар:

үйренеді.



Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері:

Ақша, теңге, монета.



Сабақта диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау:

-Ақша аз болып тұрғанда да монеталардың неге көп болып тұратынын айта аласың ба?

-Кімнің ақшасы көбін қалай салыстыруға болады?

Жазу: монеталар, теңге,1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг.


Алдыңғы сабақ




Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы (0-6мин.)


Ширату


Оқулық: 80, 81-беттер.

Жұмыс дәптері: 77, 78-бет.

Ресурстар

• 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг,50тг,100тг номиналды монеталар;

• монеталары бар әмиян,ламинатталған қағаз,


Ортасы

7-39мин.



Жұп және тақ сандармен санау.

Қазақстанның ұлттық валютасы– теңге жайында түсінік қалыптастыру.

ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді. Теңгенің дизайні Қазақстанның

қазіргі бейнесін көрсетеді. Әрбір монетаның үстіңгі бетінде ортада бедерлі шеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін сан және теңге сөзі жазылады.

Мысалы: жүз теңгелік монетада “100 ТЕҢГЕ” деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз бұрышты өрнекпен, сол жақта “ҚҰБ” деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген. Айналдыра

бедерлеп жиектелген. Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның

соғылған жылын білдіретін уақыты көрсетілген: мысалы “2002”. Айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” деген жазу

орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген.

-Қандай монеталарды білесіңдер?

1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20тг, 50тг, 100тг



Қызығушылықты ояту.

Ішінде теңге монеталары (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені алып, монеталар дыбыс шығаратындай сөмкені қозғап қағамын.

Оқушылардан сөмкенің ішінде не бар екенін сұраймын. Олардың жауаптарын тыңдаймын. Ақшаның не үшін керектігі жайлы әрбір оқушының пікірін

тыңдап, әңгіме жүргіземін. Олардан сөмкенің ішінде ақшаның қандай түрлері жатқанын білгілері келе ме екенін сұраймын. Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір монетадан алуды ұсынамын. Қолдарындағы монета көмегімен топтарға бөлінуді сұраймын. Оның себебін түсіндіруді өтінемін. Олар монеталарды тани ма және олармен не істеуге болатынын сұраймын.

(Жауаптарын тыңдаймын.) Оқушыларға өздерінің топтарына «ақшаның» атын бергіземін. Топтарға өздерінің аттарын дауыстап айтқызып, қалғанына

қандай монета тигенін тапқызыңыз. Қалған уақытта оларға осы монеталарымен не істеуге болатыны жайлы бір-біріне айтқызып талдатамын.



Топтық жұмыс.

Оларға оқулықтағы монеталардың кескінін көруді ұсынамын. Монеталардың түстері, өлшемі және пішіні әртүрлі болатыны туралы білетіндерін қайталатамын. Не себепті монеталардың түрлерін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың болжамдарын тыңдаймын. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Және сол сияқты ең үлкен монета қайсы екені туралы сөйлесемін. 1 мен 20 сандарын салыстырамыз.

Монеталардың арасындағы айырмашылықты түсі мен пішіні арқылы қалай көрсетілгені туралы талдатамын. Олармен эксперимент жүргіземін.

Көздерін байлап, қолдарына алған монетаның қай монета екенін тапқызамын.



Ұжымдық жұмыс.

Тапсырма қатар тұрған монеталардың құнын, көлемін, пішінін салыстыруға

бағытталған. Берілген тапсырманы сыныптағы оқушылармен көрнекілік түрінде монеталарды көрсете отырып орындатамын. Оқулықта салыстыруға берілген монеталар түрін оқушыларға монеталардың ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын ұсынамын. Оқушылардан не байқағандарын сұраймын. Оларға мынадай сұрақтар қоямын:

– Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.)

– Монеталарды қандай белгілеріне қарап салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалына, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған санына қарай.)

– Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік)

– Монеталарды қандай топтарға бөлуге болады? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған материалы бойынша.)

Әрбір монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін, оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығуларын сұраймын. Оқушылардан не байқағанын сұраймын. 1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталардың көлеміне, ондағы жазылған цифрына, суретіне (оқушылар «монеталардың құны» деген түсінікпен келесі сабақта танысады, сондықтан «құны» сөзінің орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданамын) назар аудартамын. Қай монетаға көп зат сатып алуға болатынын сұраймын.



Жұптық жұмыс.

Берілген тапсырма теңгелік монеталарды пайдаланып өрнек құрастыруға

бағытталған. Қосымша 7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық екенін және 8 теңге 6 теңгеден қаншаға артық екенін 1 теңгелік монеталар көмегімен анықтауды ұсынамын. Ламинатталған қағазға өрнектерді жазуды тапсырамын. Тапсырманы үлгіні басшылыққа ала отырып орындатамын.

Жауабы: а) 2тг+3тг+1тг =6тг;

б) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг;

в) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг;

г) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг.

Орындап көр.

Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен жұп сандар туралы не білетіндерін қайталаймыз. Жұп сандарды монеталардың құнын көрсету үшін қолдана ма деп сұраймын. Сондай монеталарды табуды ұсынамын. 2 тг, 10 тг, 20 теңгенің жұп сандардан тұратынына назар аудартамын. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын естеріне түсіремін. Мысалы: 10 бесінші жұп сан, сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің жартысы 5 тг болады т.с.с. Немесе оқушылар жауапты өздері басқа тәсілмен де табулары мүмкін.



Сен білесің бе?

Теңгеміздің туған күні – 15 қараша екеніне оқушылардың назарын аудартамын. Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып өтемін. Әр мемлекеттің өз валютасы барын айтамын. Оқушылардың ол жайында не білетіндері туралы сұраймын.



Қосымша тапсырмалар

Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан ары олар әр номиналды құндылықтағы

монеталар санын санады да, олардың санын сәйкес келетін бос торкөздерге жазады.

Монеталар.

Теңгелерді тани отырып, өсу ретімен сызықтармен жалғастырып қосады.


Соңы

(40-45 мин.)



– Теңгелік монеталарды өсу ретімен айт (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг).

– Теңгелік монталарды кему ретімен айт (20 тг 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг).

– 10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?

– Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бойынша салыстыруға болады?



Қосымша мәліметтер

Дифференциация

Заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр.

Бірінші қатарда монеталар өсу ретімен, екінші қатарда кему ретімен орналасады.


Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында:

• «ақша», «монета» жайлы түсінеді;

• теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттауды;

• ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп,

меңгереді.



Пәндік байланыстар:

Жаратылыстану пәндерімен т.б.



Рефлексия

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай



ауытқулар болды ма,неліктен?








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет