Сабақ тақырыбы: Химиялық өлшеуіш құралдармен танысу Сабақ мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі0,69 Mb.
#12877
түріСабақ
  1   2
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мектеп –

интернат кешенінің химия пәні мұғалімі

Темиралиева Аяжан Джигеровна


Cарамандық жұмыс № 3
Сабақ тақырыбы: Химиялық өлшеуіш құралдармен танысу

Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Химия кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік

техникасының ережелерін ескере отырып, химиялық өлшеуіш

құралдармен және олармен жұмыс істеу ережелерімен танысу. (Таразыда

зат массасын есептеу.

Ерітінділер дайындау үшін сұйық заттардың көлемін өлшейтін

ыдыстармен жұмыстану т.б.)



2. Дамытушылық: Химиялық эксперимент кезінде сарамандық

дағдыларын, тәжірибе жасау біліктерін дамыту. Дәптерге істелген

жұмысты қорытындылап, жаза білу дағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, пәнге

деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың типі: сарамандық
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік,сарамандық
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтар: интерактивті тақтада жасалған флипчарт,

таразы,өлшеуіш цилиндрлер мен мензуркалар, өлшеуіш колбалар,

медициналық шприц, бюреткалар, тамызғыш (пипеткалар) термометрлер,

ареометрлер, бөлгіш воронкалар, GLX құралы, рН- метр немесе рН-зонд.


Пәнаралық байланыс: физика, математика, биология
Қолданылған әдебиеттер: А.Мырзабайұлы «Химияны оқыту әдістемесінің практикумы»

Алматы «Рауан» 1997;

К.Әбсалыққызы,Б. Дүйсебайқызы «Химиядан өткізілетін сарамандық

жұмыстар» Алматы «Рауан» 1993;

«Химия мектепте» журналдар

Күтілетін нәтиже: 1. Химиялық өлшеуіш құралдарды пайдаланып, химиялық экспериментті

нәтижелі жасау.

2. Теориялық алған білімді практикада тиянақты пайдалану.
Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Пысықтау

V. Қорытынды

Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушыларды алдын-ала 3 топқа

бөлу. (Сарамандық жұмыста қолданылатын өлшеуіш құралдар

дайындалып, оқушылардың алдарына беріледі)

Қызығушылықты ояту:

Тәжірибе жасау барысында лабораториялық ыдыстар мен өлшеуіш құралдар мен реактивтерді дұрыс пайдалана білу, химия кабинетінде еңбекті ғылыми ұйымдастырудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ғылыми жұмыстың барлығы осы лабораториялық жұмыстардан басталады. Сондықтан лабораториялық жұмыстарға көп көңіл бөлеміз. Ол тек қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін ғана емес, қажетті материалды күнделікті пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру үшін де керек. Бүгінгі сабағымызда сарамандық жұмыс «химиялық өлшеуіш құралдармен» танысамыз.




Ой қозғау

  1. Сарамандық жұмысты бастар алдында нені ескереміз?(Қауіпсіздік техникасының ережесін)

  2. Тәжірибелерде жиі пайдаланылатын химиялық ыдыстардың қандай түрлерін білесіңдер?

Лабораториялық ыдыстар мен құралдар:


Олай болса өлшеуіш құралдармен танысамыз.

1. Таразы

Химиялық зертханаларда болатын таразылар:



  1. техникалық 0,01 г дәлдікпен;

  2. дәріханалық (аптекалық) 0,05 г дәлдікпен;

  3. электрондық нақты дәлдікпен;

  4. аналитикалық 0,0002 г дәлдікпен;(талдау (анализ) өнімдерін өлшеуде)

  5. табақшалар арқылы (Беранже) онша дәлдігі жоқ.

Техникалық таразы Электронды таразы Аналитикалық таразы


Көпшілік жағдайда зертханада техникалық және аналитикалық таразылар қолданылады.

Техникалық таразыда зат 0,01 грамға дейін дәлдікте өлшенеді.Таразы реакцияға дейінгі және реакция нәтижесінде түзілетін құрғақ заттарды өлшеу үшін пайдаланылады. Таразының тастары арнайы қорапқа белгілі ретпен орналастырылады.Таразы тастарының салмақ дәлдіктері бұзылмау үшін оларды қысқышпен ұстайды.Затты техникалық таразыда өлшегенде мына ережелерді есте ұстаған жөн;




  1. Таразымен мұқият жұмыс істеу керек (дұрыстығын тексеру)

  2. Таразы табақшасына ылғалды, ыстық немесе лас зат салуға болмайды;

  3. Өлшенетін зат таразының сол жақтағы табақшасына, тастар (гирлер) оң жақтағы табақшаның ортасына салынады;

  4. Гирлерді тек пинцетпен (қысқышпен) ұстау керек;

  5. Өлшеп болған соң өлшеуіш гирлерді орнына салып жинау;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет