Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет11/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 

4. 

Қандай грам теріс патогенді кокктарды білесіздер? 



5. 

Қандай менингококктардың капсулалары болады? 

6. 

Неге гонококк фагоцитозы аяқталмаған? 



7. 

Адам ағзасында гонококктардың мекендейтін орны. 

8. 

Соз ауруы кезіндегі инкубациялық кезеңнің ұзақтығы. 



9. 

Соз ауруына күдіктенгенде жұғынды қандай қарапайым бояу 

әдісімен бояйды? 

 

Патогенді және шартты-патогенді энтеробактериялар. 



Бактериялық ішектік инфекциялардың микробиологиясы 

Enterobacterіaceae тұқымдастығының жалпы сипаттамасы 

 

Жедел  дамитын  бактериалық  ішектік  инфекциялары  -  диареялар  -  өте  кең  таралған 

инфекциялар.  Осы  инфекциялар  қоздырғыштары  болып  түрлі  микроорганизмдер  бола 

алады,  жиі  - Enterobacterіaceae  тұқымдастығына  кіретін  микроорганизмдер  жатады,  олар 

келесі белгілермен сипатталады: 

1. Морфологиясы  ұқсас  -  қысқа,  спора  түзбейтін,  шеттері  домаланып  келген 

таяқшалар,  қозғалады  (перитрихтар)  немесе  қозғалмайды,  капсула  түзеді  немесе 

түзбейтіндері де кездеседі. 

2. Грам әдісі бойынша бояу - грам(-) бактериялар 

3. Глюкоза  (және  т.б.  көмірсутегілер)  ферментациясында  қышқыл  мен  газ 

пайда болады, немесе тек қышқыл. 

4. Протеилиттік қасиеттері жоқ 

5. Факультативті анаэробтар немесе аэробтар 

6. Қарапайым қоректік ортада жақсы өседі 

7. Кездесетін орыны - ішек тракты және тыныс алу жолдары 

8. Жұғу жолдары - пероральді (кей жағдайларда - ауа-тамшы арқылы) 

9. Цитохромоксидазасы жоқ 

 

10. Каталазасы бар (каталазопозитивті) 



11. Нитратты нитритке дейін ауыстырады 

 

12. Хемоорганотрофтар 



13. ДНҚ-да Г+Ц деңгейі 39-59% 

Enterobacterіaceae  тұқымдастығына  30-дан  астам  туыстастығы  мен  100-ден  астам 

түрлері  кіреді.  Адамға  аса  маңызды  туыстастықтар:  Escherіchіa,  Cіtrobacter,  Нafnіa, 

Klebsіella, Salmonella, Erwіnіa, Serratіa, Edwardsіella, Shіgella, Yersіnіa, Proteus, Morganella, 

Provіdencіa,  Enterobacter.  Осы  туыстастықтардың  дифференцияциясы  негізінен 

биохимиялық  белгілермен  (40-тан  астам)  өткізіледі.  Бұл  глюкоза,  маннит,  лактоза, 

сахароза,  рамноза  ферментациясы,  сероводород,  индол  түзілуі,  цитрат  натрий  қосылған 

қарапайым  ортада  өсуі,  мочевина  гидролизі,  орнитин  декарбоксилирленуі,  аргинин 

дегидратациясы,  фенилаланин  дезаминирленуі,  қозғалысы,  глюкоза  ферментациясында 

ацетоин түзілуі (Фогес-Проскауэр реакция), метилен қызылмен (МR) сынама қою т.б. 

Энтеробактерийлердің  серологиялық  классификациясы  О-,  Н-  және  К-антигендер 

анықтауымен негізделген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет