Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет51/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

 Патогенез  ерекшелігі.  Туберкулез  таяқшасымен  ең  алғаш  зақымданғанда  өкпеде 


40 

 

немесе  лимфа  түйіндерінде  ауру  ошағы  пайда  болады.  Кейбір  ғалымдар  зерттей  келе 



денеге  лимфагематогенді  таралып,  содан  кейін  өкпені  зақымдайды. Тыныс  алу жолдары 

түскенде  бронхтардағы  бездерді  қабындырып,  бронхопневмонияны  туғызады.  Мұның 

барлығы:  бронхопневмониялық  фокус+  лимфангоит+лимфаденит  –  туберкулездік 

комплекс түзеді (туберкулездің ошағы). Туберкулез таяқшасы жасушасының биологиялық 

құрамында  май  қышқылдар  мен  антигендер  ұлпалық  реакцияға  қатысып,  спецификалық 

гранелемалы  төмпек  қалыптастырады.  Ортасында  әдетте  көп  ядролы  Пирогов-Лангганс 

гигант  жасушалары  болады.  Оларда  туберкулез  таяқшалары  бар.  Төмпешік  негізін 

эпителий  жасушалары,  шетінде  лимфоидты жасушалар  орналасады.  Біріншілік  ошақтың 

тағдыры  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бала  резистенттілігі  төмен  жағдайда  ол  үлкейіп, 

казеоздық  ыдырауға  ұшырап,  ол  қанға  түскенде  бүкіл  ағзаға  жайылып  өлімге  әкеледі. 

Резистенттілік  жоғары  болған  жағдайда  біріншілік  ошақ  дәнекер  ұлпалық  капсуламен 

қоршалап,  кальций  тұздарымен  қатырып  тастайды,  бірақ  көп  жылдар  туберкулез 

таяқшалары  тірі  күйінде  сақталады.  Алиментарлық  жолмен  зақымдалғанда  туберкулез 

таяқшалары  ішекке  түсіп,  шырышты  қабаттың  фагоциттерімен  жұтылады.  Мұндай 

жағдайда  ол  ductus  thoracicus  және  жүректің оң  жағы  арқылы  өкпеге  түседі. Туберкулез 

таяқшасы барлық мүшені және барлық ұлпаны зақымдай алады.  

 Иммунитет  ерекшелігі.  Организмнің  туберкулез  таяқшасына  қарсы  өзіндік 

резистенттілігі  бар.  Организмнің  қарсы  тұруына  көптеген  факторлар  кедергі  келтіреді: 

қоғамдық-тұрмыстық  жағдайдың  нашарлығы.  Мұндай  жағдайда  туберкулез  ауруы 

асқынып,  қатерлі  аяқталуы  мүмкін.  Постинфекциондық  кезеңнің  де  ерекшелігі  өте  көп. 

Ауырған  адамда  туберкулездің  антигендеріне  қарсы  антиденелер  қалыптасады.Бұны 

түсіну  үшін  Кох  жұмыстарына  мән  береміз.Егер  бұрын  ауырмаған  теңіз  шошқасына 

туберкулез таяқшасын енгізгенде ол жерде инфильтрат пайда болып, ол язваға айналып, 

ол  өз  кезеңінде  жазылмай  өлімге  әкеледі.  Ал  егер  дәл  осыны  бір  апта  бұрын 

туберкулезбен  ауырған  теңіз  шошқасына  енгізсек,  онда  жара  жазылып  кетеді.  Бұл 

жағдайда  туберкулез  бүкіл  ағзаға  таралмайды,  тек  осы  жарамен  ғана  шектеледі. 

Туберкулезге  қарсы  иммунитеттің  қалыптасуына  Т-лимфоциттердің  маңызы  зор.  Т-

лимфоциттер  МНС  белоктарының  қатысуымен  туберкулез  таяқшаларын  танып,  оларды 

жояды.  Арнайы  маманданған  антиденелер  туберкулез  таяқшаларынна  қарсы 

циркуляцияланған 

иммундық 

кешен 


қалыптастырады. 

Антиденелер 

ағзаның 

қорғаныштық қасиетін күшейтіп, фагоцитозды жоғарылатыды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет