Туберкулез
Микобактериялар мен актиномицеттер Actinomycetales қатарына кіретін,
бұтақталған және мицелиальды жасуша түзетін микроорганизмдер болып табылады.
Actinomycetales өз қатарында 8 туыстыққа бөлінеді: Actinomycetaceae, Mycobacteriaceae,
Nocardiaceae, Streptomycetaceae, Micromonosporaceae, Dermatophilaceae және т.б
Адамда және жануарда патогенді әсер туғызатын кейбір түрлері ғана. Мысалы:
Mycobacteriaceae туысы, туберкулез бен лепраны; Actinomycetaceae актиномикозды және
Nocardiaceae нокардиозды тудырады. Streptomycetaceae туысының кейбір өкілдері терінің,
тері асты май клетчаткасының, кейбір мүшелерде кілегей қабықтардың мицетомасын
тудырады. Actinomycetaceae туысы адамның ішегінде қалыпты микрофлорасында және
ауыз қуысында кездеседі.
Actinomycetales қатарындағы микроорганизмдердің көпшілігі еркін өмір сүреді, яғни
топырақта және суда. Streptomycetaceae және Micromonosporaceae әртүрлі антибиотиктер
жасауға пайдаланады.
Микобактериялар Mycobacterium тұқымдастығының Mycobacteriaceae туысына
жатады.
Морфологиясы жағынан микобактериялар тік немесе аздап қайырылған таяқша
тәрізді ұзындығы 1-10мкм және ені 0,2-0,6мкм. Кейде бұтақталған түрлері және жіп
тәрізді формалары кездеседі, яғни саңырауқұлаққа ұқсас, сол себепті «микобактерия» деп
атаған. Қышқыл- сілтіге тұрақты, грам оң. Бұл туыстықтың көп өкілдері қоректік
орталарда баяу өседі. Барлық микобактериялар адамға және жануарға патогенді, шартты
38
патогендіжәне сапрофитті болып бөлінеді. Патогенді түрлеріне жатқызамыз: M.
tuberculosis, M. bovis, M. leprae, M. Africanum, M. Paratuberculosis, M. Microti, M.
Lepraemurium.
Шартты-патогенді микобактериялар, микобактериоз тудырушылар, және сапрофиттер
Е. Раньон зерттеуі бойынша атипті микроорганизмдерге жатады, сол себептері
пигменттүзу, өсу жылдамдығы, культуралдық және биохимиялық қасиеттеріне
байланысты 4 топқа жіктелінеді:
1.
Фотохромогендік микобактериялар, жарық әсерінен пигмент
тудырады, баяу өседі. Осы топ өкілі M. kansasii адам өкпесінің аурулары кезінде
көрінеді.
2. Скотохромогендік микобактериялар, қараңғыда сары, жарықта қызыл немесе
қызғыш пигмент, баяу өседі. M. scrofulaceum балаларда лимфаденит тудырады.
3.
Хромогендік емес микобактериялар, пигмент түзбейді, баяу өседі.
Бұл топ өкілі M. аvium құстарда туберкулез ауруын тудырады, кейде адамда да
болуы мүмкін
4. Тез өсуші микобактериялар, (1-2 күннен 14 күнге дейін). Бұл топ өкілі M.
Smegmatis адамда ауру туғызады.
Туберкулез (лат. Tuberculum – төмпек) – адамда және жануарда болатын кейде
созылмалы түрге айналатын инфекциялық ауру. Кішкене төмпешік тәрізді қабынулық
сипатта болып өкпе мен лимфалық түйіндерге локализацияланады. Туберкулез барлық
аймақта таралған. Туберкулезбен ауыруда қоғамдық-тұрмыстық жағдай, туа біткен
организмнің қорғаныштық қасиеті өте маңызды.
Туберкулез қоздырушысы – Mycobacterium tuberculosis – 1882 жылы Р. Кох ашқан.
Оның морфологиясына келетін болсақ, жіңішке, қысқа немесе ұзын, тік немесе
қайырылған таяқша тәрізді, ұзындығы 1,0-40,мкм және диаметрі 0,3-0,6мкм; қозғалуға
қабілетсіз, спора, капсула түзбейді, грам оң; жоғары полиморфтылық қасиетке ие. Ескі
қоректік орталарда жіп тәрізді , бұтақтанған, кейде түйіршікті формалары (Мух
түйіршіктері), кейде клетка сыртында еркін немесе клетка ішінде орналасуы мүмкін. Ауру
организмде химиопрепараттар әсерінен ультра ұсақ турлерге айналады, олар ұсақ
саңылаулардан еркін өтіп кетеді. M. tuberculosis – аэроб, өсу температурасы 37
0
С, рН –
6,4-7,0. ДНК құрамында Г+Ц 62-70% Туберкулез микобактериясы ниацин синтездейді
каталаздық белсенділігі өте әлсіз 68
0
С-та оңай жоғалтады.
Биологиялық құрамына келетін болсақ, құрғақ затының 40% липид құрайды.
Липидтің үш фракциясын анықтайды: фосфатидті (эфирде ериді), майлы (эфирде және
ацетонда ериді), балауыз (эфир мен хлороформда ериді). Сонымен қатар липид құрамында
қышқылға тұрақты май қышқылдары: туберкулостеариндік, фтиоидты, миколоидты және
т.б болады. Жоғары құрамды липидтің болуы туберкулез таяқшасының мынадай
қасиеттеріне байланысты:
1. Қышқылға, сілтіге, спиртке тұрақты.
2. Бояулармен қиын боялуы. Олар дың боялуына интенсивті әдістерді
қолданады. Мысалы: Циль-Нильсен әдісімен бояғаннан кейін туберкулез
бактериясы өзінің қызыл түсін сақтап, қалған жерлер көк түске боялады. Қышқыл,
сілті немесе спиртпен шайғаннан кейін өз түсін жоғалтпайды. Бұл оны басқа
микобактериялардан оңай ажыратуға көмектеседі.
3. Күнге кептіру мен күн сәулелеріне тұрақты. Үздіксіз күн сәулесі оны тек 8-
10 тәуліктен соң ғана өлтіре алады. Қақырық құрамында қыздырған кезде 5-
7минуттан соң ғана өледі. Кепкен қақырық құрамында бірнеше апта сақталуы
мүмкін.
4. Қалыпты дезинфекция жасайтын препараттарға тұрақты: 5% фенолға
қақырықты қосқанда, ондағы туберкулез таяқшаларының өлімі тек 6сағаттан кейін
ғана, 0,05% бензинхлорфенолмен 15 минут ішінде өледі.
5. жоғары гидрофильділігі – оны әсіресе қоректік орталарға өсіргенде
39
байқалады. Глицерин бульонында сары пленка тәрізді басталып, ақырында
қалыңдайды, сұрғыш әжімденген түрде, бірақ орта өз түсін өзгертпейді. Глицерин
агарында 7-10 күннен кейін чешуйя тәрізді, кейін дөрекі талшықтарға айналады.
Альбумин сілтісінде туберкулез таяқшаларының өсуібетіндегі гликопротеидке
байланысты корд-фактор, жылан тәрізді: көбеюші жасушалар жылан сияқты
немесе қыз бұрымы тәрізді ирелеңдеп орналасады.
6. Туберкулез
бактерияларының
құрамында
липидтің
болуы
оның
патогенділігін жоғарылатады. Липид құрамында болатын фтиоидты, микол және
т.б май қышқылдары өзіндік токсиндік қасиетпен ұлпаларға әсер етеді. Мысалы
фтиод қышқылы активтілігі өте күшті. Ол қалыпты организмде спецификалық
реакция жүргізеді,нәтижесінде эпителий жасушасы түзіледі, май қышқылы
туберкулоидты ұлпа түзеді. Балауыздың әсерінен үлкен көлемді гигант
жасушаларын түзеді. Корд-фактор тек токсин түзуші ғана емес, сонымен қатар
тубергулез таяқшаларын фагоциттерден қорғап тұрады. Фагоциттермен
жұтылғаннан кейін олардың ішінде көбейіп, олардың жойылуйна әкеледі.
Патогенділік қасиеті бойынша корд-фактор екі сипатта болады:
1. Ақ тышқандарға енгізгенде оларды өлтіреді. 1-2 аптадан соң бір
инъекциядан кейін өкпелік гиперемия басталады. Бұндай қасиет басқа ешқандай
туберкулез шақыратын таяқшада болмайды.
2. Туберкулез таяқшалары науқастың лейкоциттерін жояды.
Корд-факторынан айырылған туберкулез таяқшасы адам мен жануарға еш зияны жоқ.
Жалпы микобактерия тұқымдастығының 40-тан астам түрі бар. Олардың көпшілігі
суыққанды және жылықынды жануарларға адамдардың тұрмыс жағдайына байланысты
оларда өкпе, тері, жұмсақ тін және лимфалық түйінауруларын туғызады. Бұл аурулар
микобактериоздар деп аталады. Организмнің иммундық статусына және микобактерия
түріне байланысты үш түрін ажыратады:
Сырттай қарағанда бірден туберкулез белгілері көзге түсетін, бірақ
гистологиялық тұрғыдан өзгеше – генерализацияланған инфекция
Терінің жергілікті жерлерінде макро-микро зақымдаулар болатын –
локализацияланған инфекция
Клетка сыртында немесе клетка ішіндегі лимфа түйіндерін
зақымдайтын, көзге көрінетін ешқандай ауру болмайтын инфекция.
Антигенділік құрылымы. Антигенділігіне қарай тек бір түрлі, сероварлары жоқ.
Бірақ микробтық жасушасында күрделі және мозайкалы антигендік жүйе бар, адам
организмінде антиполисахаридті, антифосфатты, антипротеинді, құрылысы басқа бөгде
заттарды тудырады. Тірі және өлген бактериялар баяу типтердің үлкен сезімталдығын
туғызады. Бұндай қасиеттер ешқандай белокта, ешқандай липидте кездеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |