Лабораториялық диагностика. Негізгі микробиологиялық диагностика әдістері
бактериологиялық және серологиялық. Экспресс-диагностикада иммунофлюоресценция
реакциясы жүргізіледі. Таза дақыл бөлу үшін мұрын-жұтқыншақтан кілегей, қақырық
тексеріледі. КУА немесе Борде-Жангу ортасына енгізеді. Сонымен қатар, жөтел рефлексін
тудырып материал алуға болады. Бөлінген дақылды культуралді, биохимиялық және
антигендік
қасиеттері
бойынша
идентификациясы
жүргізеді.
Серологиялық
реакциялардан агглютинация, комплемент байланыстыру, пассивті гемагглютинация
қолданады (сурет 4). Қоздырғыштарға антиденелер 3 аптадан бастап түзіледі, диагноз
антидене титрі бойынша дәлелденеді. Жас балаларда бірінші екі жаста серологиялық
реакциялар теріс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |