Лабораториялық жануарлардың патогенділігі: Теңіз шошқасы Mycobacterium
tuberculosis-ке сезімталдығы жоғары. Туберкулез таяқшасымен зақымданғанда
генерализацияланған түрін туғызады,содан жануар 4-6 аптадан кейін өледі. Тері
зақымданғанда 1,5-2 аптадан кейін зақымданған орында инфильтрат папйда болады, ол
язваға айналады, ал язва өз кезегінде жануар өлгенше жазылмайды. Аймақтық лимфа
түйіндері үлкейеді, тығыздалады және казеонозды ыдырауға ұшырайды. Бауырда,
көкбауырда, өкпеде басқа да мүшелерде төмпешіктер анықталады, ал оларда
Mycobacterium tuberculosis болады.
Эпидемиологиясы. Туберкулез таратушы ауру адам болып табылады, кейде
жануарлар. Қоздырушы адамнан қақырық арқылы, несеп, ірің арқылы сыртқа шығады.
Туберкулез таяқшасы көбінесе организмге тыныс алу жолдары арқылы – ауалы- тамшы
немесе ауалы-шаң арқылы жұғады. Бірақ денеге ену тері арқылы немесе кілегей
қабықтардың зақымдануы болуы мүмкін. M.bovisпен зақымдану алиментарлық жолмен,
яғни сиырдан сүт арқылы балаларға жұғады.
Достарыңызбен бөлісу: |