Лабораториялық диагностика. Туберкулез диагностикасы үшін микробиологиялық
әдістерді: бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық, биологиялық және
аллергиялық сынамаларды қолданады. Бактериоскопиялық сынама кезінде зерттеу
материялы ретінде қақырық, несеп, жұлын сұйықтығын алады. Бұл материалдарда
туберкулез бактерилары аз ған немесе түрін өзгерткен күйінде болуы мүмкін, яғни L-
формада. Осыған орай концентрациялау үшін центрифугирлеу және флотация,сонымен
қатар фазо-контрастты және люминесценттік микроскопты қолданады.
Биологиялық әдіс – теңіз шошқасының зақымдануы - өте сезімталдардың бірі болып
табылады. Теңіз шошқалары туберкулез бактерияларының L- формасын анықтауға
қолданады, бірақ ол үшін бірнеше рет зақымдаушы дозасын салуы қажет. Сол уақытта L –
форма аз веруленттілікке және оң туберкулез туғызады, реверсия болған жағдайда
генерализденген процеске айналуы мүмкін.
Туберкулез бактериясын тез анықтау үшін келесі бір әдіс – қоректік ортаға егуді
қолданады.бұл әдіс үшін тексеруші материалды шыны ыдысқа жағады, оны күкірт
қышқылымен өңдейді, шаяды, цитратталған лизинделген қанды ыдысқа орналастырып,
37
0
С-та инкубациялайды. 3-4 күннен кейін шыныда микобактериялар колониясы
көрінеді. 7-10 күннен кейін даму шегіне жетеді және микроскоп арқылы оңай көрінеді.
Веруленттік микобактериялар жылан тәрізді колония, верулентті еместер аморфты үйінді
құрап орналасады.
L – форманы анықтау үшін 3 әдіс қолданады: културалық, биологиялық,
41
иммунофлуоресценттік. L – форманың культурасын алу үшін жартылай сұйық ортаға егіп,
37
0
С-та инкубациялайды 1,5-2 айдай. L – форманың пішіні жеңіл бұлттану түрінде
байқалады. Онда ұсақ, жарма дәндерінен де кіші қосындылар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |