Е – типті және В, F тобының протеолиттік емес тобы.
Тік таяқшалы, диаметрі – 0,3-0,7мкм, ұзындығы – 3,4-7,5мкм, грам оң, бірақ ескі
культураларда грам теріс болады. Жылжымалы (перитрихты).
Спорасы овальды, субтерминальды. Қанды агарда колониясың диаметрі – 1-3мм,
шеттері пішінсіз, мозайкалы структураға ие. Е штамының кейбір түрлері желатинді
гидролиздейді. Сүтті ұйытады, бірақ пептонизирлемейді.
Өсу температурасы 25-37
0
С. ДНҚ-дағы Г+Ц – 26-28моль%.
С, D тобы протеолитикалық емес.
Тік таяқша, диаметрі – 0,5-0,7мкм, ұзындығы – 3,4-7,9мкм, қозғалмайды, спорасы
овальды,
субтерминальды,
желатинді
гидролиздейді,
сүтті
ұйытпайды,
пептонизирлемейді. Қанды агарда колониясы дөңгелек, шеттері тегіс емес, жазық, сұр-
ақшыл түсті, жартылай мөлдір болады. Өсу үшін температуралық оптимумы – 30-37
0
С,
ДНҚ-да Г+Ц – 26-28моль%.
G типі. Тік таяқшалы, диаметрі – 1,3-1,8, ұзындығы – 1,6-9,4мкм, қозғалмалы,
талшығы – перитрихты, спорасы овальды, субтерминальды орналасады. Грам оң. Қанды
агарда колониясы дөңгелек, диаметрі – 0,5-1,5мм, шеттері тегіс, жартылай мөлдір, сұр,
жазық болады. Китта-тароцци ортасында сүтті баяу пептонизирлейді. Өсу температурасы
– 30-37
0
С. Топырақта табылған. Бірақ осы қоздырғышпен адамдарда ауру табылмаған.
Резистенттілігі. C botulinum-ның табиғатта және өнім құрамында сақталуы оның
спора түзушілігіне байланысты. Спора топырақ құрамында көп уақыт сақталады, ал
қолайлы жағдай туғанда, жаз айларында олар көбейеді және тарайды. Олар төмен
температурада көп уақыт сақталады. Кептірілген күйінде олар он жылдап сақталады.
Спорасы қыздыруға да өте тұрақты (әсіресе А типі).
Достарыңызбен бөлісу: |