Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы



Дата25.03.2017
өлшемі92,94 Kb.
#12285
«Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы

Адам байлығының ең тамашасы – білім

Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді

Әбу-р-Райхан әл-Бируни


Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болды. Бұл-қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары мен біліктіктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы-соған жету құралы болып саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға деген оң көзқарас қалыптаспайтын.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда информация көлемінің өсуі

( әр 2 жылда екі есе артады) практикалық әрекеттермен шыңдалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлімет беретін түсіндіру-көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информациялық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезеңде кез келген жеке тұлға өз қызметінің нәтижелерінің ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс.

Бүгінгі күні бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет, олар алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуге тырысады. Беретін пәніне қарамастан, мұғалім осындай тұлғаларды тәрбиелеуге тиіс, анығын айтқанда, балалаларды жастайынан нағыз адам болуға, алдарына керекті мақсат қойып, оған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білетін тұлға ретінде дайындау керек. Мұндай тұлғаларды қалай тәрбиелейміз? Мен мұнда жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрін пайдаланған дұрыс деп санаймын.



1.Жеке тұлғаға бағытталған оқыту

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту-оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі алдыңғы шепке оқушылардың әрекеттері мен қатарымен араласуындағы өз орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру, адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру,сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, осылардың нәтижесінде-өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Адамдарға (оның ішінде балаларға) ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір қасиет- ол жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін ашып,ортасына «өзінің маңыздылығын таныту» болып табылады(Д. Карнеги). Әр пән бойынша да білім қажет( пән сабақтарын игермеу туралы сөз болмайды), бірақ негізгі ол емес, ол оқушының өзін-өзі жетілдіру, алға жылжыту, өзі орнын анықтау істерінің негізгі құралы болып, нәтижесінде-өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру рөлін атқаруы тиіс.

Біз өзімізге мынадай сұрақты жиі қоюымыз керек – не нәрсеге көп көңіл бөлеміз,қандай бағытпен келеміз-оқушы не біледі немесе ол өз мүмкіндіктерін дамытуды қалай жүзеге асырып жүр, жұмыс істеудің жаңа эвристикалық тәсілдерін игеруде не істеп жүр? Осы сұраққа анық, бүкпесіз жауап беру білім берудің жаңа құндылықтарының бізге қаншалықты жақын екенін білуге көмектеседі. Егер берер жауабымыз ойдағыдай дұрыс болса, онда оқыту процесіндегі бұрынғы көптеген мәселелерді қайта қарауымыз қажет.

Төмендегі кестеде мен жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен пәндік бағытталған оқыту түрлерін салыстыруға тырыстым:



Пәнге бағытталған оқыту түрі

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі




Оқыту мақсаты

Оқу мақсаты айқын білінеді. Сабақтың білімдік,тәрбиелік және оқыту мақсаттарының шекараларын нақты бөлуге болады. Көбінесе мақсатты мұғалім қояды

Оқушылардың білімі оқыту,тәрбиелеу және пән арқылы(информатика) жетілдіруден тұрады. Формуласы: “Білім=оқыту + тәрбиелеу+жетілдіру”. Мәселені қою барысында оқушы өзінің алдағы әрекетінің мақсатын іштей қабылдайды. Оқушы жаңа оқу міндетін қалыптастыруға, оны қайта анықтауға, қайшылықтарын анықтауға қатысады. Мұнда мұғалім- оқушы үшін білімнің қайнар көзі болып саналады.




Оған ынталандыру

Әрекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады (“Сен істейсін, міндеттісің”).

Әрекетті іштей ынталандыруға сүйену (“Маған бұл керек, бұған қол жеткізуге тиіспін”).




Оған жету

Педагог тандайды. Сабақ формуласы: “Игеру=Түсіну+есте сақтау”

Оқушылармен бірге таңдалады. Сабақ формуласы:”Меңгеру=игеру+біліміңді практикда қолдану”




Нәтижесі

Бастысы- білімді игеру деңгейі. Оқушы мұнда барлығына бірдей берілетін тапсырма орындай да, нәтижесінде- дұрыс жауапқа, жақсы бағаға жетуге тырысады. Ол өз оқу жұмысын талдамайды, нәтижеге жету тәсілімен де қызықпайды, өз психологиялық жағдайын да талдамайды, өйткені оны ешкім сұрап жатқан жоқ.

Бастысы- оқу процесіндегі оқушының жеке басындағы оң өзгерістер. Оқушы өз деңгейіне қарай құрастырылған тапсырмаларды амалдардың жалпы тәсілдерін анықтай отырып орындайды. Ол өз оқу жұмысын, психологиялық қалпын ынтамен талдап, өз плюстары мен минустарын ашық көрсетеді.




Бағалау

Алынған нәтижені жалпы қабылданған үлгілермен салыстыру.

Қол жеткен жетістіктері эталонын пайдалану арқылы өзін өзі бағалау.

Пәндік материалдағы негізгі идеялармен принциптерді жекелеп қарастыру үшін, сабақ мақсатын қою кезінде мен осы тақырыптың түпкі мәселелерін анықтауға тырыстым. Көбінесе мұндай сұрақтардың ‘’дұрыс’’ дайын жауаптары бола қоймайды, өйткені олар: оқушыларды қызықтыруы тиіс; қарастырылатын материалға шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді; ауқымы кең болады; пәндермен оқылатын обьектілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.



2.Зерттеу мәселелерін шешу технологиясы

Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Мен әртүрлі әдістемелерді қарап пайдаланып келемін, солардың ішінен жеке тұлға бағыталған оқу түріне ең жақын тұрған зерттеу мәселелерін шешу технологиясы мен жобалар тәсілі деп санаймын.

ЗМШ технологиясы оқушылардың ойлау қабілетін күшейту мен әр түрлі салаларда күрделі проблемаларды шешуге дайындалған шығармашыл жастарды тәрбиелеу жағын қарастырады

ЗМШ технологиясының педагогикалық техникасы принциптері:



  1. Таңдаудың еркіндігі принципі. Мұның маңызды бір шарты –таңдау құқығы сол тандауға деген жауапкершілікпен қатар тұруы керек.

  2. Ашықтық принципі. Тек білім беріп қана қоймай, сол білімнің қолданылуы аймағын да ( шекараларын да) көрсету керек. Оқушыны бұл пән аймағында шешілмейтін ашық мәселелермен де таныстырып отыру керек.

  3. Әрекет ету принципі «Алған білімін пайдалана алмайтын оқушы ішін дәмді заттармен толтырған, бірақ жүзе білмейтін балықты еске салады»

  4. Кері байланыс принципі Оқыту процесін кері байланыс тәсілдерінің жетілдірілген жүйелері арқылы тұрақты түрде бақылап отыру керек

  5. Идеалдық принципі Оқыту нәтижесін арттыру мен оған кететін шығынды азайту мақсатында оқушылардың өз мүмкіндіктерін, білімдерін, қызығушылығын барынша кең түрде пайдалану қажет

3.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сабақ беру дегеніміз -әр түрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс. Информатика пәнін оқытудың бір мақсаты –оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.

Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сеніміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.

Өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:


  • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

  • оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.


3.1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі

Шығармашылық жұмыстар



  1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.

  2. шығармашылық ізденіске жетелейді.

  3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.

  4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.

  5. Салыстыруға, қортынды жасауға үйренеді.

  6. Шығармашылық белсенділік артады.

Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Жеке тұлға

Мен

Мен істеймін - өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.



Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.

Мен істей аламын - өз біліміне деген сенімділігі.

Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.


3.2. Шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: “Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру”,- деп тұжырым жасады.

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.



« Қабілет – іс- әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» / Т. Тәжібаев /. «Қабілет- білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері», -дейді А.В. Петровский.

Оқушылар жас ерекшеліктеріне сай белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік- бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуына бет бұрысы , оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп , оны дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің құрамдас бөлігін анықтауға арналған ғылыми педагогикалық еңбектердің ішінде А.Н. Лук қабілетті үш топқа бөледі: шығару, іздену, ойлап табу.

1.Оқушының кез келген іс-әрекетте жақсы нәтижеге жету мен белгілі бір қабілет түрін дамытуы үшін алдымен оның сол іс- әрекетке деген қызығушылығы және ынтасы болуы керек.

2. Көңіл–күй –кез-келген іс-әрекетті орындаудың негізгі көрсеткіші.

3. Кез-келген іс-әрекетті ақыл–ой қабілеттері негізінде жүзеге асырамыз.

Педагогика ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ , қабілетсіз адам болмайды деп есептейді. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуға мақсатты түрде ықпал ететін- ұстаз.

Қабілет адамды шығармашылық деңгейге көтереді.

Шығармашылық – алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірегей ойларды қорыта білу , оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зертеушілік белсенділігі.Шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі- шығармашылық ойлау. Қорыта келгенде , әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне дейін жету керек . Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі , жұмыс нәтижесіне оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.


Қолданылған әдебиеттер


  1. И.С.Якиманская. Личностно – ориентированное обучение в современной школе, Москва «Сентябрь», 2000г.

  2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М. 1989г.

  3. И.С.Якиманская. Развивающее обучение – М., 1979г.

  4. И.С.Якиманская. Принцип активности в педагогической психологии.// Вопросы психологии. – 1989г. №6.

  5. И.С.Якиманская. Дифференцированное обучение: «внешние» и «внутренние» формы // Директор школы. – 1995г.-№3

  6. Возрастные и индивидуальные особенности образного мышления учащихся. /Под ред. И.С.Якиманской.-М.,1989

  7. Новые ценности образования: тезаурус для учителя и психологов.-М.,1995


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет