Жекелеп-даралап оқыту технологиясына жүзеге асыруға бағытталған желілік технологиялар. Желілік технология



бет5/12
Дата21.10.2022
өлшемі3,58 Mb.
#154395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
9 Тап- 13 тап дейін

Жобалау технологиясы – ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған — Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы — Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі» деген екен Килпатрик.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралияда және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын тереңге жая бастады.
Уақыт өте келе еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.
Бірақ оның негізгі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Оны салыстырып көрелік:


Мұғалім

Оқушы

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы

Оқыту субъектісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет